• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 23 Ақпан, 2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

664 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы әлемнің вице-чемпионы Сұлтан Зауырбек кәсіби рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Лондондағы York Hall аренасында Сұлтан Зауырбек екінші орта салмақтағы болгар боксшысы Любена Тодоровке (6-4, 2 КО)  қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек төртінші раунда нокутпен аяқталды.

«Аллаға шүкір төртінші жеңісіме қол жеткіздім!!! #2019 жыл сәтті басталды!» деп жазады ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Еске сала кетейік, Сұлтан Зауырбек - 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Соңғы жаңалықтар