• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2019

Жаңақорғанда 300-ге жуық мал қырылды

359 рет
көрсетілді

Ауа райының қолайсыздығынан Жаңақорған ауданында үш жүзге жуық уақ мал шығын болды.

«Шығасыға иесі басшы» дейді халық. Күн күрт жылығанына малданған шаруа қожалықтары малды қыстаудан жайлауға қарай көшіреміз деп жүріп қыстың қара суығы, жауын-шашынына ұрынған.

«Бақытжан» шаруа қожалығының төрағасы Бақытжан Нәлібаев қар астында қалған 250-ге жуық қойының тек 70 басы ғана табылғанын айтады. Басқа да шаруа қожалықтарында шығын бар. Бүгінде отарға жоңышқа жеткізілген. Шығындарды есептеу үшін комиссия құрылған. Есеп толық алынған кейін шаруаларға мемлекет тарапынан көмек көрсетілмек.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы