• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Ақпан, 2019

Қазақ тілін үйренуге арналған Soyletube видеожобасы ашылды

459 рет
көрсетілді

Мемлекеттік тілді дамыту қоры танымал Youtube бейне-платформасында тілді меңгеруге арналған пайдалы бейнесабақтар топтамасын әзірледі. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.

«Бейнесабақтар қазақ тілінде дұрыс сөйлеуді жетілдіруге бағытталған және күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын мысалдардан тұратын диалог түрінде түсірілген. Сабақтар тілді жаңадан үйреніп бастаған және оны меңгеріп алғандарға көмектесетін ресурстар жинақталған. Қазіргі уақытта Youtube-арнасында «Soyletube» арнасының 8 бейнеролигі жүктелді» деді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

Сонымен қатар, «Soyle.kz» онлайн-курсының ағылшынша және латын графикасындағы нұсқасы іске қосылған болатын. Бүгінгі күні «Soyle.kz» порталында 115 мыңнан астам адам тіл үйренуде. Портал ашылғалы 5 миллионнан астам Қазақстандық және шетелдік қолданған, ал әлеуметтік желілер арқылы күнделікті 30 мың адам қазақ тілін үйренеді.

Айта кетсек, жоба Тұңғыш Президент – Елбасы қоры және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен әзірленді.