Қазақстан 25 Ақпан, 2019

Астанада еріктілер полимерлік люктер орнатты

315 рет
көрсетілді

Қайырымдылық тобы өз қаражаты есебінен Железнодорожный тұрғын алабындағы құдықтарды жабуда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

«Балалармен бірге ашық құдықтарды іздестірудеміз. Шойын емес, полимерлі люктерді (оларды ешкім ұрламайды) сатып алдық. Аудан әкімдігі иесіз құдықтардың көп бөлігін бетон плиталармен жапты. Кейбіреуі қар астында қалған, оларды табу оңай емес» деп жазды акцияның бастамашысы, Астана тұрғыны Санжар Боқаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Санжар Боқаев әкімдік сайтының тілшісіне айтып өткендей, еріктілер Железнодорожный тұрғын алабынан тоғыз ашық құдықты тауып, оларды полимерлік қақпақпен жапқан. Төрт қақпақ жеке сектор тұрғындарына, үшеуі мектеп директорына берілді. Қалған тоғыз қақпақ аудан әкімдігіне ұсынылды.

«Люктер мектептен 200 метр қашықтықта орналасқан. Әрине, жаңалықтарда жүзден астам люктің ашық екенін айтып, асыра сілтеді. Бірақ қауіп санына байланысты емес. Балалар қар басқан алқапта ойнайды. Ол жерде ойнауға болмайды деп балаларға түсіндіре алмайсың ғой. Мектеп директоры люк қақпақтарын ауыстыру үшін мектеп аумағындағы үш құдықты жабуға арналған қақпақты қалдыруды сұрады. Қалдырды. Егер аудан әкімдігіне қақпақтар қажет болса, алып кетіңіз. Менде әлі біразы бар» деп жазды Санжар Боқаев.