• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2019

Баянауылдағы тау-шаңғы базасына келшілер қатары көбейген

404 рет
көрсетілді

Баянауыл ауданындағы тау-шаңғы базасы Павлодар облысы тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып келеді. Мырзашоқыдағы кешенге аймақ басшысы Болат Бақауов барды. 

Павлодар облысының әкімі тау-шаңғы базасына келушілермен сөйлесіп, өзі де трассадан сырғанап көрді. Мырзашоқыдағы тау-шаңғы кешеніне павлодарлықтар ғана емес, өзге өңірдің, тұрғындары, мәселен, қарағандылықтар да келеді.

Сонымен қатар, Болат Бақауов кешенді басқаруға алып, оның дамуына инвестиция құйғысы келетін «Мырзашоқы Қаражар» ЖШС-ің өкілдерімен сұхбаттасты. Демалыс күндері тау-шаңғы базасына жүздеген адам келеді. Өткен жексенбіде Мырзашоқыға үш жүздей тау шаңғы спортының әуесқойлары келді.