• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2019

Google Analytics: туризмге қолайлы «TOP-10» орынның бесеуі Алматы облысында

509 рет
көрсетілді

 

Өткен жылы Алматы облысындағы демалыс орындары 721,4 мың туристке қызмет көрсеткен. Сервистік қызметтен түскен табыс мөлшері 8,7 млрд теңгені құрады.

- Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге көбейгенін білдіреді. Жалпы, көрсетілетін қызмет көлемі бойынша Жетісу өңірі республикалық көлемнің 11 процентін құрап, Астана мен Алматыдан кейін 3 орында тұр, - дейді Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева.

Айтпақшы,  ғаламтор қолданушылар арасында да Жетісудың көрікті жерлері туралы ақпарат іздеушілер саны өскені байқалды. Мысалға, интернет желісіндегі танымал іздеу жүйелері – Google, Яндекс және Youtube видеохостингіндегі ақпарат сұрау бойынша жасалған талдау нәтижесі «Қазақстандағы саяхат жасауға қолайлы TOP-10 орынның» бесеуі Алматы облысында екенін көрсетті. Ең танымал тақырыптар қатарында Алакөл жағажайы, Шарын шатқалы, Көлсай пен Балқаш көлі және Қайыңды көлі тұр.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы