Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сенсек, биыл аймақтағы қардың қалыңдығы (орташа деңгейі - 36 сантиметр) жылдағы нормадан 22 сантиметрге жоғары.
Күршім ауданындағы қардың биіктігі тіпті бір метрден (136 сантиметр) асып жығылған. Ал Алтайда 94, Үржарда 90, Көкпектіде 59 сантиметрді құрап отыр. Өңірдің өзге аймақтарындағы қардың қалыңдығы 50 сантиметрден аспайды.
Азамат ҚАСЫМ,
«Egemen Qazaqstan»
Шығыс Қазақстан облысы