• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2019

«Хакатон» – идеялар байқауы

581 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының білім басқармасы «Ernst & Yong» компаниясымен бірігіп политехникалық колледж базасында техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттері арасында «Хакатон» идеялар байқауын өткізді. Шараның негізгі мақсаты – Қазақстан колледждерінің үздік студенттерін коммерциялық және өндірістік салалардағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.

Байқауға қатысуға эконо­ми­каның құрылыс өнеркәсібі, электр энергетика саласы, мұ­най өнеркәсібі, тау-кен өнер­кәсібі, ақпараттық техноло­­­гия­лар саласы (IT) бойынша қазақстандық іскерлік бір­лес­тік­тердің өкілдері және жұмыс берушілер шақырылды. 

Аталған шара жұмыс беру­ші­лер­ге өз саласы бойынша үздік колледж студенттерін таңдап алуға, кәсібіне қажетті жаңа идея­лар мен өзекті мәселелерге да­йын шешім қабылдауға, брендті танымал ету және компанияның нарықтағы танымалдылығын арттыруға орасан зор мүмкіндік береді. 

«Елордада тұңғыш рет «Хака­тон» идеялар байқауы бас­тал­ды. Бұл шараға еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері қатысуда. Ең үздік бизнес идеялар жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған грантқа ие болады. Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, IT мен мұнай-газ саласында өз тәжірибелерін шыңдауға мүмкіндік алмақ. Оларға қойылатын негізгі талап – өндіріс орнын дамыту және түйткілді мәселелерді тез арада шешу. Аталған жарысқа еліміздің 11 аймағынан 150-ге тарта студент қатысты», дейді Астана қаласы білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Салтанат Басықараева. 

«Егемен-ақпарат»