Қарағандыда қазақстандық белгілі эстрада әншісі Бейбіт Қорғанның қатысуымен қайырымдылық концерт өтті. Аталған шараны балалар үйлері мен мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері үшін Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдастырды.
Бейбіт Қорғанның концертін 700-ден астам бала тамашалады. Шара барысында олар эстрада жұлдызымен бірге ән шырқап, естелік суретке түсті. Сонымен қатар, сахнада полиция департаментінің шығармашылық ұжымы мен «Литвиновский», «Пионерский», «Таңшолпан» және «Құлыншақ» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері де өнер көрсетті.
Концерттің соңында полиция департаментінің басшылығы әнші Бейбіт Қорғанға алғыс хат табыс етті.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды