• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Ақпан, 2019

Шекарашылар 275 литрге жуық спирттік ішімдікті ел аумағына заңсыз енгізуге тосқауыл болды

472 рет
көрсетілді

Қазақстандық шекарашылар өткен тәулікте 275 литрге жуық спирттік ішімдіктерді ел аумағына заңсыз енгізуге тосқауыл болды. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше Қорғас ауылында орналасқан халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағынан Қазақстанға қарай шығар залда шекара наряды 20 шөлмек (10 литр) иесіз алкоголь өнімдерін (виски) тауып, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырды. Сонымен бірге, әдеттегідей, Қытайда шығарылған тағы 9 кг дәрі-дәрмек табылды.

Қордайлық шекарашылар «Мерседес-бенц» (спринтер) автокөлігімен елімізге келе жатқан 59 жастағы Қырғыз Республикасының азаматынан 12 шөлмек (18 литр) шарап, 38 жастағы қазақстандықтың Фольксваген пассат автокөлігінен 246,6 литр арақ тауып, актілеп, уақытша сақтау қоймасына тапсырды. Бұл азаматтардың ісімен Қордай аудандық Мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкерлері айналысатын болады.