• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2019

Тағы да өсімдік өнімдерін заңсыз әкелу әрекеттерінің жолын кесті

451 рет
көрсетілді

2019 жылғы 16-22 ақпан аралығында Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аудандық аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясы мен Өзбекстаннан жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз әкелуге 22 әрекеттің жолын кесті.

Фитосанитарлық карантиндік бақылауды жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан фитосанитарлық сертификатсыз өнімді әкелу фактілері анықталды: бидай қалдықтары – 3,07 тонна, бидай астығы – 40,1 тонна, ағаш материалдары – 50 текше метр.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес аталған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған. Жүктер Ресей Федерациясы мен Өзбекстанға жөнелтушілерге қайтарылды, бұл ретте кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.