• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2019

Валерия Тюленова әлем чемпионатында ТОП-30 қатарына енді

344 рет
көрсетілді

Австрияның Зеефельд қаласындағы әлем чемпионатында әйелдер 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысты. Қазақстандық Валерия Тюленова алғашқы отыз спортшының қатарына енді деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарысқа жалпы есебі 74 спортшы қатысып, норвегиялық Тереза Йохауг чемпион атанды. Күміс медаль Фрида Карлсонның (Швеция), қола медаль Ингвильд Эстбергтің (Норвегия) еншісінде. 

Қазақстан сапынан ең үздік нәтижені Валерия Тюленова тіркеді. Ол мәреге отызыншы болып келген. Анна Шевченко 38-ші, Ирина Быкова 41-ші, Марина Матросова 43-ші орында.