• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2019

Кеше елордаға шамамен 1,5 мың тонна көмір жеткізілді

404 рет
көрсетілді

26 ақпандағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 12 427,48 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кеше елордаға 1 878 тонна көмір әкелінді. Оның 770 тоннасы – «Шұбаркөл», 280 тоннасы – «Қаражыра», 828 тоннасы – «Майкөбе» көмірі. Ал көмір бағасы төмендегідей: «Шұбаркөл» тоннасы – 11 300 теңге, «Қаражыра» тоннасы – 12 700, «Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге, «Богатырь көмір» – 9 000 теңге, «Кузнецкий» – 12 250 теңге. 

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу мақсатында көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ.

Астана қаласының әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.