Биылғы қысқы маусымда бейнебақылау операторларынан қарды тазалауға қатысты 88 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық iKomek орталығының операторлары қар мен мұз салдарынан болатын су басу оқиғаларын болдырмау мақсатында су астында қалған орындарды суретке түсіріп, материалдарды санитарлық тазалауға жауапты қалалық қызметтерге жібереді.
«Осылайша, 2018-2019 жылдың қысқы маусымында бейнебақылау операторларынан қарды тазалауға қатысты 88 өтінім келіп түсті. Қазір бұл бағытта жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Қала тұрғындары қардан, мұздан, сүмелектен тазартуды қажет ететін жерлердің мекенжайларын көрсете отырып, фото/бейнематериалы бар өз өтініштерін iKomek орталығына келесі жолдармен жолдай алады.