• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Ақпан, 2019

«Көктем-2019» жаттығу аясында жасақтың дайындығы тексерілді

475 рет
көрсетілді

Ақтауда шұғыл әрекет ету жасағының жеке құрамының күш құралы дайындығы тексерілді.

Маңғыстау облысы бойынша су басу кезеңінің өтуі тұрақты болып қалады. Облыс бойынша қар қоры жоқ.

Алайда, жыл сайынғы тәжірибеден ала отырып, сонымен қатар көптеп жауған жаңбырдан су басу қауіпін алдын алу бойынша, «2019 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы республикалық командалық-штабтық жаттығу шеңберінде, қалалар және аудандар әкімдіктері дабыл бойынша шұғыл әрекет ету жасағының жинау, тұрғызу және қарау, дайындығы тексерілді. Оған жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, мекемелер, ұйымдар және БАҚ қатыстырылды. Басты мақсат көктем кезінде өндірістердің, мекемелердің, жергілікті атқарушы органдарының күш-құралдардың тез әрекет етуін тексеру.

Жаттығу мақсатына жетіп, тапсырмалар толық көлемде жасалды. Барлық жұмылдырылған күш-құралдар нақты жасалды.

Жаттығуға барлығы 52 дана техника және 120-дан аса адам жұмылдырылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы