Жұма, 14 желтоқсан 2012 7:05
Женевада Тәжікстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруінің ресми шарасы өтті. Оған елбасшысы Эмомали Рахмонның өзі қатысты. Тәжікстан БСҰ-ға мүше 159-шы мемлекет болып отыр.
Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болу бұл елге не береді? Сарапшылардың, саясатшылардың ішінде оны жақтайтындар да, құп көрмейтіндер де бар. Сірә, бүкіл әлем елдері оған кіруді мақсат тұтқанына қарағанда, ол жаман да болмас. Тіпті кейбір жағымсыз жағы болғанмен, жалпы тиімділігі басым болар.
Жұма, 14 желтоқсан 2012 7:05
Женевада Тәжікстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруінің ресми шарасы өтті. Оған елбасшысы Эмомали Рахмонның өзі қатысты. Тәжікстан БСҰ-ға мүше 159-шы мемлекет болып отыр.
Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болу бұл елге не береді? Сарапшылардың, саясатшылардың ішінде оны жақтайтындар да, құп көрмейтіндер де бар. Сірә, бүкіл әлем елдері оған кіруді мақсат тұтқанына қарағанда, ол жаман да болмас. Тіпті кейбір жағымсыз жағы болғанмен, жалпы тиімділігі басым болар.
Алдымен тәжік елінің басшысы Эмомали Рахмонның пікіріне жүгінейікші: «Бүгінгі күн Тәжікстан тарихына биік бір кезең болып енеді және ол республиканың одан әрі тұрақты әлеуметтік және экономикалық өсуіне мықты іргетас қалайды», – деді ол. Сырттай тон пішіп, білмей айтады демейік. Бұл ұйымның несі жақсы, несі жаман дегенді олар бір күн емес, талай жылдар ойлаған. Оның үстіне, міне, 11 жыл бойы сол ұйымға кіру талаптары бойынша, 100-ден астам құжаттарына өзгертулер енгізген. Жақсы-жаманын айыратындай уақыт болғаны анық. Содан да ел басшысы біліп айтады десек, ақылға сияды.Бұл – біріншіден. Сондай-ақ Женевадағы БСҰ-ның штаб-пәтеріндегі қол қою рәсіміне қатысқан бұл ұйымның бас директоры Паскаль Ламидің пікіріне де тоқтаған жөн сияқты. Басқа-басқа, бұл адам Бүкіләлемдік сауда ұйымының кімге қандай пайда беретінін жақсы біледі. Тәжікстанда мүшелікке қабылдаудан бұрын бұл елдің экономикасын жан-жақты зерттеп, сараптамалар жүргізгені анық. Енді сол адам былай дейді: «Теңізге шығатын қақпасы жоқ шағын ел үшін БСҰ-ға кіру әлемдік экономикаға жол ашады». Сенетін адамның сөзі.Тәжікстанның БСҰ-ға кіруі оны ел парламентінің ратификациялауынан кейін күшіне енеді. Ол бір ай мерзімде жүзеге асуы мүмкін. Ал парламенттің оны бекітуі күмәнсіз деуге де болар. Біріншіден, оған президент Рахмонның беделі кепілдік берсе, екіншіден, орынды нәрсеге парламенттің қарсы болуы да ақылға сиынқырамайды. Сөйтіп, тәжік елінің бұл ұйымға кіретініне күмән келтірудің жөні жоқ.Енді біраз сарапшылардың бұл елдің әлеуеті басқа дамыған елдердің әлеуетімен бәсекелесе алмайды, бұдан елдің өнім өндірушілері, әсіресе, ауыл еңбеккерлері зиян шегеді, сырттан келген арзан тауар жергілікті өнімдерді ығыстырады деген уәж де толық негізде емес. Ең алдымен тәжіктердің өздеріне ғана тән өнімдері бар, басқа жерде оған бәсеке жоқ, сонан соң бұл елде жұмысшы күші арзан, азға да қанағат ететін халық көп.Бір сарапшылар Тәжікстанның БСҰ-ға кіруі Қазақстанға кері әсер етуі мүмкін, біздің елімізден олар бұрын астық алса, енді басқалардан алуы мүмкін деп сәуегейсиді. Сонда тәжіктер астықты жақын Қазақстаннан сатып алмай, алыстағы Ресей, Украина немесе Аргентина, Канададан іздеп несі бар? Олардың астығы арзан деп кім айтты? Ал Қазақстан астығының сапасы басқалардыкінен көш ілгері екені әмбеге аян. Тәжікстанның БСҰ-ға кіргені жалпы осы аймақтағылардың барлығына тиімді. Аймақтық интеграцияның өрісі кеңейеді.Осы жерде Қазақстанның да Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты әртүрлі пікір барлығын айта кеткеніміз жөн-ау. Келесі жылы бұл ұйымға біз де кірсек керек. Өтінішімізді 1996 жылы-ақ беріп қойғанбыз. Соңғы біраз жылда Кеден одағы елдері бірге кіреміз деген әңгіме болып, Ресейдің жеке өзі кіріп кетіп, бізді жолда қалдырғандай болған. Келесі жылы кірсек те, кеш болмас. Бірақ БСҰ-ға қазір кіру бізге тиімді емес дейтіндер де бар. Тіпті дардай атақ, лауазымдары барлары айтады. Сірә, оларды еліміздің дамуына теріс көзқарас немесе саяси ойын жетелейді-ау дейсің. Әлем жұртына жағымды нәрседен жамандық іздеудің жөні жоқ. Оның үстіне бұл елдерді кемсіткендік емес, біздің экономикамыз көрші Қырғызстан мен Тәжікстанға қарағанда БСҰ талаптарына әлдеқайда жақын екені де даусыз.
Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».