«Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекарашылары кеше кешкілік «Алматы-Үрімжі» бағытымен ұшқалы тұрған СZ-6012 әуе рейсін ресімдеу барысында 29 жастағы қазақстандықты ұстады. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Ол өзімен бірге декларацияланбаған 10085 АҚШ долларын, 1000 қытай юанін және 40000 теңгені заңсыз алып өтпек болыпты. Азаматтан табылған ақша актіленіп «Жетісу» кеден бекетіне тапсырылды» делінген хабарламада.