• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2019

Шаңғы спортынан әлем чемпионаты: Пухкало 15 шақырымдық жарыста 50-орын алды

359 рет
көрсетілді

Австрияның Зеефельд қаласында шаңғы спорт түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. 15 шақырымға классикалық әдіспен жарысқан ерлер арасындағы сынға Алексей Полторанин қатысқан жоқ. 

Қазақстан командасының мүшесі Виталий Пухкало 50-орын алса, Денис Волотка 51-ші, Олжас Климин 60-орыннан көрінді. 

Классикалық әдіспен жарысудан норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю жеңімпаз атанды. Ресейлік Александр Бессмертных күміс, финляндиялық Ийво Нисканен қола жүлдегер.