Бейсенбі, 6 желтоқсан 2012 7:47
Сарайды тастап шығуға мәжбүрледі
Египет президенті Мохаммед Мурсидің қарсыластары одан Каирдегіпрезидент сарайын босатуды талап етті. «Рейтер» ақпарат агенттігініңхабарлауынша, қарсыластары бұл талапты ереуіл кезінде жасаған.
Бейсенбі, 6 желтоқсан 2012 7:47
Сарайды тастап шығуға мәжбүрледі
Египет президенті Мохаммед Мурсидің қарсыластары одан Каирдегіпрезидент сарайын босатуды талап етті. «Рейтер» ақпарат агенттігініңхабарлауынша, қарсыластары бұл талапты ереуіл кезінде жасаған.
Каирдың солтүстігінде ереуілге шыққан 100 мыңға жуық адам президент сарайына қарай беттеген. Талаптары – М.Мурсидің 22 қарашада қол қойған конституциялық декретінің күшін жойғызу. Ереуілшілердің көпшілігі полицейлердің көзден жас ағызатын газ қолданғанына қарамастан, алаңдағы шепті бұзып өткен. Олардың бірқатары, тіпті президент сарайын қоршаған қабырғаға да шығып кеткен сияқты. Қауіпсіздік қызмет органдарының мәліметтеріне қарағанда, ел президенті Мохаммед Мурси сарайды тастап шығуға мәжбүр болған. Қарсылық көрсетушілер серкелері бұл ереуілді президентке «соңғы ескерту» деп атаған.
Зымыран ұшырғышты орнатуды аяқтады
Солтүстік Корея өздерінің Сохэ ғарыш айлағындағы старт беру алаңынаалыс қашықтыққа ұшатын зымыран ұшырғышын орнатуды аяқтады. Бұлжөнінде кеше Оңтүстік Кореяның «Ренхап» агенттігі хабарлады.
Оңтүстіккореялық мамандардың есептеуінше, егер старт беруге дайындық жоспар бойынша өтетін болса, онда 8-9 желтоқсанда зымыран қажетті отынмен толтырылады. Ал оны ұшыру 10-12 желтоқсанда жүзеге асырылады. Солтүстік Корея бұл зымыранның ұшырылуы бейбіт мақсатты көздейтінін алға тартады. Осы елдің ақпарат агенттіктері атауы нақты көрсетілмеген зымыран орбитаға жер серігін алып шығатындығын жазады.
Қорғанысқа – 631 миллиард доллар
АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы елдің 2013 жылға арналған қорғанысбюджеті жобасын бірауыздан мақұлдады. Оның жалпы көлемі – 631миллиард доллар. Бұл қаражаттың 88 миллиард доллары Ауғанстандағыәскери операцияларға бөлініп отыр.
Осыдан біраз уақыт бұрын қорғаныс бюджетінің жобасын АҚШ Конгресінің төменгі палатасы мақұлдаған болатын. Енді, бірнеше аптадан соң, конгресмендер мен сенаторлар құжатқа қатысты кейбір мәселелер жөнінде келісімге келіп, одан кейін құжат президентке қол қоюға ұсынылады. Айта кетейік, АҚШ билігі өткен жылдың соңында алдағы 10 жыл ішінде қорғаныс саласына кететін шығынды 500 миллиард долларға қысқарту мүмкіндігі туралы мәлімдеген еді.
Екі жүз отыз адамға жетті
«Рейтер» агенттігінің таратқан ақпараттары бойынша, Филиппинніңоңтүстігіндегі Минданао аралында соққан жойқын дауыл салдарынанопат болғандар саны 230 адамға жеткен.
Мәліметтерге қарағанда, олардың 150-ден астамы дауылдан аса көп зардап шеккен Долина Компостела провинциясының, қалғандары Шығыс Давао провинциясының тұрғындары сияқты. Сондай-ақ, 100-ге жуық адам хабарсыз кеткендердің қатарында саналуда. Опат болғандар негізінен тасқын мен ағаштар құлауы салдарынан ажал құшқан көрінеді. Ең жойқын «Пабло» дауылы Филиппин жағалауына 4 желтоқсанда таңертең жеткен еді.
Ангела Меркель қайта сайланды
ГФР канцлері Ангела Меркель дауыс беруші делегаттардың 97 пайыздауысына ие болып, Христиан демократиялық одағының (ХДО)жетекшілігіне қайта сайланды. Бұл оның ХДО басшылығына сайланған2000 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіші деп бағалануда.
Съезде Ангела Меркель ХДО жетекшілігіне қайта сайлануы ел үкіметі басшылығы лауазымына күрестің басы деп мәлімдеген. «Қазір беймаза уақыт, біз толқынды теңізде тұрғандаймыз, – депті ол съезде сөйлеген сөзінде. – Бірақ ХДО елді осы толқынды теңізден ойдағыдай алып келеді». Келесі жылдың қыркүйегінде Бундестаг сайлауы өтеді. Егер сайлауда христиан-демократтар жеңіске жететін болса, А.Меркель қатарынан үш рет Германия канцлері болып сайланады.
Ең қарт тұрғын өмірден озды
Жер шарының ең қарт тұрғыны деп есептелетін америкалық Бесси Купер 116 жасында өмірден озды. «Ассошейтед пресс» агенттігінің хабарлауынша,
кейуана Джорджия штатындағы қарттар үйінде тұрып жатқан екен.
Б.Купердің туысқандарының айтуына қарағанда, қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын ол іш құрылысына инфекция жұқтырып алған көрінеді. Кейуана осы жылдың қаңтарында Жер шарындағы ең қарт әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енсе керек.
Қысқа қайырып айтқанда:
Ресей президенті Владимир Путин 12 желтоқсан – конституция күніФедералды жиналыста өз жолдауын жасайды. Жолдау аса құпия жағдайдажазылыпты.
Қытай коммунистік партиясының жаңа басшылары өздерін көпшілік алдындақарапайым көрсетуге және ұзын-сонар сөз сөйлеуден бас тартуға ниеттеніпотыр.
Рио-де-Жанейрода жемқорлық жасады деген күдікпен бірнеше ондағанполицей тұтқынға алынды. Оларға жемқорлықпен қатар, заңсыз қаружәне есірткі айналымымен, сондай-ақ адам ұрлаумен айналысты дегенайып тағылып отыр.
Қырғызстан халықтық-патриоттық партиясының жетекшісі, оппозиционерНұрлан Мотуев әйел зорлады деген күдікпен қамауға алынды.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.