• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Ақпан, 2019

БҚО-да 11-сынып оқушысы екі адамды өрттен құтқарды

808 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында он бірінші сынып сынып оқушысы екі адамды өрттен алып шықты. Бұл туралы облыстың ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

«22 ақпанда сағат 17:56-да БҚО ТЖД Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет басқармасының «112» нөміріне Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы А.Молдағұлова көшесі, 13 мекенжайы бойынша жеке 2 пәтерлі үйден өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті» делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, үй 1980 жылғы азаматқа тиесілі. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Әзірге өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына жеке құрамнан 8 адам және 2 бірлік техника барды. Өрт сағат 18:59-да оқшауланып, 19:52-де толық сөндірілді.

«Өртеніп жатқан үйді көрші үйде тұратын Мирас есімді азамат байқап, үйдегілерге ескертпек боп ішіне кіреді. Бұдан соң, ол жанып жатқан үйдің ішінен кішкентай баланың жылаған дауысын естиді. Бір сәтке де ойланбастан ол түтін басқан үйге кіріп, 8 жасар Ғалым Батырбекті көтеріп алып шыққан» делінген хабарламада.

Сондай-ақ ол үйдің ішінен ересек адамның жөтелгенін естіп, Бейбіт Демеуғалиевты да сыртқа алып шықты.