• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2019

Аналардың сенімін нығайтты

596 рет
көрсетілді

Бес баланың анасы Айнұр, әсіресе ұлы Шахмұраттың ер­теңіне алаңдаулы. Оның өзге ұл-қыздарындай емес, мүм­кін­­дігі шектеулі екеніне көңілі жабыр­қағанымен, қата­рынан қал­дырмас үшін бар жағдайын жа­сауда. Ұл-қыздарының ал­ды 9-сыныпта оқыса, кенжесі 2 жас­­тан енді асқан Айнұр Жол­ды­баева – «Нұр Отан» пар­тиясы съезінде айтылған Елбасы бас­тамаларына ерекше қуанып, ертеңге деген сенімі нығая түс­кен аналардың бірі.

– «Әр баланың өз несібесі бар». Дегенмен, мемлекет тара­пы­нан жасалып жатқан көмек­тердің орны бөлек. Өзім балалармен отырмын. Ал күйеуім ұзақ уақыт жұмыссыз жүрді. Жуырда көп балалы отбасыларды қолдау аясында берілген 563 мың теңге көлеміндегі атаулы әлеу­меттік көмек күйеуімнің же­ке кәсібін ашуға ықпал етіп отыр. Өткен жылы көп балалы от­басы ретінде үш бөлмелі пәтер­ге қол жеткіздік. Балаларға берілетін ай сайынғы жәрдемақы аз, жасыратыны жоқ жеткізу қиын. Көңілді жабырқататыны да сол – жетпейтіні. Мүгедек баламды қатарға қосудан үмітімді үзген емеспін. Барлық мүмкіндікті жасауға тырысудамыз. Оған әрине, көп қар­жы кетеді. Енді ертеңгі бала­ларға берілетін көмектің көбе­йе түсетіні қуантып отыр. Мем­лекет басшысына осындай қол­дауы үшін айтар алғысымыз шексіз. Елбасы әсіресе көп бала­лы отбасыларды қолдау шара­ларын күшейту қажеттігін айтты. Үкіметке атаулы көмек көрсету өлшемдерін арттыру­ды, сондай-ақ мүгедек бала тәр­биелеп отырған ата-аналарға, қам­қоршылар мен отбасылар­ға жәр­­демақыны 30 пайызға көтеру­­ді тапсырды. Бұл бізге үл­к­ен демеу. Үйдегі балалар да кеше естіп, отбасымызбен қуа­нып жатырмыз, – дейді Айнұр. 

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ана көбейетін жәрдем­ақы ұлдың денсаулығын жақ­сар­туға септігін тигізетінін ай­тып отыр. Бүгінде оған қажет­ті заттар алып, қосымша емдеу жолдарын қарастыруға қа­ра­жат жетпейді. Мемлекет та­ра­пынан жеңілдік жасалатын емдік көмектермен шекте­луге мәжбүр. Қосымша ем қа­был­даса, қатарына ертерек қосыла ма деген үміті енді сенім­ге айнала бастағандай. Жал­пы, бұл мәселе Мемлекет бас­шы­сының назарынан тыс қал­ған емес. Мысалы, Елбасы «Қазақ­стан жолы – 2050: Бір мақ­сат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мүмкіндігі шек­теулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керектігін, олар үшін Қазақ­стан кедергісіз аймаққа айна­луы тиістігін айтқан болатын. Бүгінде мүгедектердің өмірі мен денсаулығын жақсартуды мақ­сат тұтатын мемлекеттік бағ­дар­ламалар жұмыс істеуде. Оның ішінде «Нұр Отан» пар­тия­сы «Кедергісіз келешек» бағ­дарламасы аясында мүгедек­терге көмектесіп келеді. Күні ке­ше­гі съезде айтылған, осындай игі істерді жандандыра, же­тіл­діре түсетін Елбасының Үкі­метке берген тапсырмалары бү­гін­де халық тарапынан қолдау табу­да. Айнұр Жолдыбаева ғана емес, Түркістан облысы, Төлеби ауда­нын­дағы аз қамтамасыз етіл­ген мыңға жуық, оның ішін­де 502 көп балалы отбасы әрбір ба­­ла­ға төленетін ең төменгі тө­лем 20 789 теңге көлемінде бел­­гі­ленетініне қуанып, риза­шы­лықтарын білдіруде. 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы