• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Президент 01 Наурыз, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күнімен құттықтады

1825 рет
көрсетілді

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Алғыс айту кү­ні­мен шын жүректен құттықтай­мын!

Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігінің ұмытылмайтынын білдіреді.

Алғыс айту күні – ортақ тари­хымызға көрсетіл­ген құрметтің, бүкіл қазақстан­дық­тардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.

Тәуелсіздік жылдарында Қа­зақстан халқының бірлігін ны­ғайта отырып, татулық пен келісімнің бірегей үлгісін қалып­тастырдық.

Қазіргі таңда біз ауқымды жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін кешенді шараларды қолға алдық.

Ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Қазақстандықтардың қазіргі буыны, әсіресе жастар, тарихымызды біліп, есте сақтауы керек. Тарих тағылымы шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді.

Әрқайсымыздың жүрегімізде ортақ жетістігімізге – өркендеп келе жатқан Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін!

Әр отбасына бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!