• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Наурыз, 2019

Жоғарғы сот сыбайлас жемқорлық бойынша сот ісін жүргізу мәселелерін талқылады

652 рет
көрсетілді

Тұңғыш рет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бастамасымен Жоғарғы соттың алаңында, сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудегі көкейтесті мәселелер талқылау бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Бұл туралы kyzmet.gov.kz хабарлады.

Аталмыш шара аясында ортақ мақсатты жүзеге асыру көзделген, яғни заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету. 

Сот корпусы мен Ұлттық бюро азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін мүлтіксіз сақтауға мүдделі екендігі айтылды және олардың қылмыстық процесске заңсыз тарту фактілерін болдырмауды көздейтіндігі сөз болды.   

Пікірталас барысында құқық қолдану тәжірибесі төңірегіндегі өзекті сұрақтар да талқыланған болатын. 

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша айтылған ұсынымдардың барлығы азаматтардың құқықтарын және мемлекет мүддесін тиімді қорғауға ықпал етпек.