• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2019

Аграрлық кредит корпорациясы ауылға несие желісін ашты

1614 рет
көрсетілді

Аграрлық кредит корпорациясы (АКК) АҚ агроөнеркәсіптік кешен жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін Банк ВТБ (Қазақстан) 4 млрд теңге сомасына кредит желісін ашты деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері ВТБ-да «Агробизнес» бағдарламасы аясында жылдық 6,8% сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдетілген кредит ресімдей алады. «Агробизнес» бағдарламасының шарттарымен ауыл шаруашылығының басым бағыттары белгіленген. Олардың ішінде: сүт өндірісі, құс шаруашылығы және шошқа шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы (көкөністер мен жемістер), сондай-ақ ет, балық және қайта өңдеу бойынша жобалар бар. Аталған бағыттар бойынша кәсіпкерлер негізгі құралдарды сатып алу үшін, оның ішінде объектілерді жаңғыртуға, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарына және айналым қаражатын толықтыруға қаржы алуларына болады.

Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» шағын несиеге шамамен 27 млрд теңге бөледі. Былтыр қор бұл мақсатқа 19 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған болатын. Енді Елбасының шағын несиені арттыруға бағытталған бастамасынан кейін бөлінетін қаржының көлемі ұлғайды. Жылдық үстемақысы 6 пайыз болатын жеңілдетілген несие өз ісін енді бастаймын деп отырған кәсіпкерлерге де беріледі. Несиенің шекті мөлшері биыл 19 млн теңгеден асады.

Осындай қолдаудың арқасында былтыр 2 мың 300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылған болатын.

Гүлбаршын САБАЕВА,

«Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ