• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2012

Малиға қарсы санкция енгізді

299 рет
көрсетілді

Малиға қарсы санкция енгізді

Сәрсенбі, 4 сәуір 2012 7:48

Батыс Африка елдері төңкеріс арқылы билікке келген әскери хунтадан өкілеттіктерінен бас тартуды талап етіп, Малиға қарсы экономикалық санкция енгізді. Бұл жөнінде Батыс Африка мем­ле­кет­тері экономикалыққауымдастығының (БАМЭҚ) атынан Кот-д’Ивуар президенті АлассанУаттара мәлімдеді.

Қауымдастыққа мүше 15 мемлекет Малимен шекараларын жауып, Дакардағы Батыс Африка мемлекеттерінің Орталық банкіндегі есеп-шотын қозғалтпай тастады. Сонымен қатар, БАМЭҚ-тың әскери күштері әскери дайын­дық жағдайына келтірілді. Бір аптаның ішінде Батыс Африка мемлекеттерінің басшылары әскерилердің қайда орналасатынын шешуі тиіс.

 

Сәрсенбі, 4 сәуір 2012 7:48

Батыс Африка елдері төңкеріс арқылы билікке келген әскери хунтадан өкілеттіктерінен бас тартуды талап етіп, Малиға қарсы экономикалық санкция енгізді. Бұл жөнінде Батыс Африка мем­ле­кет­тері экономикалыққауымдастығының (БАМЭҚ) атынан Кот-д’Ивуар президенті АлассанУаттара мәлімдеді.

Қауымдастыққа мүше 15 мемлекет Малимен шекараларын жауып, Дакардағы Батыс Африка мемлекеттерінің Орталық банкіндегі есеп-шотын қозғалтпай тастады. Сонымен қатар, БАМЭҚ-тың әскери күштері әскери дайын­дық жағдайына келтірілді. Бір аптаның ішінде Батыс Африка мемлекеттерінің басшылары әскерилердің қайда орналасатынын шешуі тиіс.

Кепілдердің соңғы тобын босатты

Колумбияның революциялық қару­лы күштерінің жасақтары өздері тұт­қында 10 жылдан астам уақыт ұстаған 10 полиция қызметкері мен әскери қыз­меткерді босатты. Бұл жерде әңгіме жа­сақ­тардың тұтқынында болғанке­піл­дердің соңғы тобы туралы болып отыр.

Сөйтіп, 4 әскери мен 6 полицей Халықаралық Қызыл Крест қызметкерлеріне берілді. Енді олар Бразилия ұсын­ған тікұшақпен Колумбия астанасы – Боготаға жеткізілетін болады. Аталған жасақ Колумбия үкіметімен қарулы кү­ре­сін 1960-жылдардың ортасында бастаған еді. Құра­мында 8 мыңға жуық адамы бар топ террорлық ұйым тізіміне енгізілген.

Қаза тапқандар саны 17-ге жетті

Мәскеудегі Качалов базарында болған өрт салдарынан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, көзжұмғандардың барлығы аталған базарда жұмыс істейтін Тәжікстаназаматтары болып табылады.

Полициядағы дерек көзі өрттің шығуына тұрмыстық жылытқыштағы ақау себеп болды дегенді көлденең тартып отыр. Өрт тұтқынында қалғандар негізінен иістеніп өлген. Өрт сөндірушілер металдан жасалған тұраққа кіру үшін темір қабырғаны кесуге мәжбүр болған. Жану аумағы шамамен 50 шаршы метр жерді ғана құраған.

Апатқа ұшқыштар айыпты емес

2 сәуір күні Түмен түбінде UTair әуе компа­ния­сының ATR-72 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Оқиға салда­рынан ұшақ бортында болған 43 адам­ның 31-і қаза тап­қан еді. Экипаж мүшелерінің бәрі де көз жұмған-тын. Бүгінде 18 мәйіттің кімдікі екен­дігі анықталып отыр.

Алдын ала деректерге қарағанда, ұшақ биіктік ала бастаған сәтте бағытынан солға қарай 150 градусқа ауытқып кеткендіктен, жерге қонуға әрекет жасаған. Бірақ ұшақ сол жақ қанатымен жер сүзіп, бірнеше бөлікке бөлініп кеткен. Тексеру оқиғаға ұшақтағы техникалық ақау себеп болды деген нұсқаны көлденең тартады.

Өзбекстан зиянкес мемлекет пе?

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі Өзбекстанға қатысты қатаң мәлім­деме жасады. Дипмиссияның мәлім­деуінше, өзбек тарабы көршілеріне көлік және энергетика салаларында зиянкестік жасап, осы арқылы Тә­жік­стандағы әлеуметтік-эконо­мика­лық ахуалды тұрақсыздандыруға тырысып отыр.

Елшілікте атап өтілгеніндей, мәселен, Өзбекстан 2010 жылы өз аумағында көрші елдің түрлі жүк тиелген вагондарын ұс­тап, Тәжікстанның оңтүстік және орталық өңірлеріне жүйелі түр­де көлік блокадасын жүзеге асырып келген. Ал 2011 жы­л­дың соңында өзбек тарабы Тәжікстанның оңтүстік облыстарына арналған жүк транзитін тоқтатып тастаған. Газ сатпай қоя­мын деп те қоқан-лоққы жасапты. Ресми Ташкент әзірше үнсіз.

Тәртіпсіздіктерге билік кінәсіз

Қырғызстанның бас прокуратурасы 2010 жыл­дың көктемі мен жазында орын алған жаппай тәртіп­сіз­діктерге республиканың уақытша үкіметі­нің кінәсі жоқ деп санайтынын білдірді. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Нұрлан Жиеналиев мәлімдеді.

Ол аталған іс бойынша 19 том материал тексеріліп, 80 жоғары лауазымды шенеуніктен жауап алынғанын атап көрсетті. Олардың қатарында қазіргі іс басындағы президент Алмазбек Атамбаев пен уақытша үкіметті басқарған Роза Отунбаева да бар. Сол күндерде ел аумағында 80-нен астам адам қаза тапса, 500-і жараланған болатын.

 Қысқа қайырып айтқанда:

* БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Кофи Аннан осы елбасшылығының алдына шарт қойды. Ол бойынша елдегі жанжалдыбейбіт реттеу жоспарын жүзеге асыру 10 сәуірден қалмай бас­талуытиіс. Сирия президенті Башар Асад бұл шартпен келісіпті.

* Нидерланды полициясы Ресей шпиондарына құпия ақ­па­раттар бердідеген күдікпен сыртқы істер министрлігінің 60 жас­тағы қызметкерінтұтқынға алды. Оның аты-жөні П.Раймонд көрінеді.

* АҚШ-тың Калифорния штатындағы Окленд жекеменшік оқу орнындажеті адамды атып өлтірген 43 жастағы Ко Ван қамауға алынды. ОлАҚШ-тың және Оңтүстік Кореяның азаматы болып табылады екен.

* Құқық арқылы демократия үшін Еуропа комиссиясы (ресми емес атауы – Венеция комиссиясы) Ресейдегі саяси реформаны сын тезіне алды. Бұл орайда Ресейдің партиялар туралы, митингтер туралы және сайлау туралы заңдары сыналған.

* Ирак басшылығы Катардан антитеррорлық заңдылықты бұзды деп айыпталған Ирак вице-президенті Тарик әл-Хашимиді экстрадициялауды талап етті. Әл-Хашимидің пікірінше, Ирак басшылығының талабы заңсыз.

* Қызмет өкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенко Харьковтегі темір жол клиникасында емделетін болды. Оның жүйке жүйесі сыр бергенге ұқсайды.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.