• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Сәуір, 2012

КХДР құпия нысандарын көрсетті

236 рет
көрсетілді

КХДР құпия нысандарын көрсетті

Сейсенбі, 10 сәуір 2012 7:30

Солтүстік Корея өкіметі шетелдік журналистер үшін құпия орталық пен полигонға экскурсия ұйымдастырды.

Таяу уақыттары осы жерден  «Кванменсон-3» зымыраны бар «Ынха-3» зымыран тасығышы ұшырылатын болады. Көршілердің пікірінше, зымыран ұшыру КХДР-да үшінші ядролық сынақ жасаудың алғышарты болып табылады. Елдің батысында орналасқан полигонға АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның, Германияның, Швецияның, Швейцарияның, ОАР-дың, Вьетнамның және Жапонияның журналистері жіберілген.

 

Сейсенбі, 10 сәуір 2012 7:30

Солтүстік Корея өкіметі шетелдік журналистер үшін құпия орталық пен полигонға экскурсия ұйымдастырды.

Таяу уақыттары осы жерден  «Кванменсон-3» зымыраны бар «Ынха-3» зымыран тасығышы ұшырылатын болады. Көршілердің пікірінше, зымыран ұшыру КХДР-да үшінші ядролық сынақ жасаудың алғышарты болып табылады. Елдің батысында орналасқан полигонға АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның, Германияның, Швецияның, Швейцарияның, ОАР-дың, Вьетнамның және Жапонияның журналистері жіберілген.

 БАРЛАУШЫНЫҢ САЙЛАУҒА ТҮСУІНЕ ҚАРСЫ

Хосни Мүбарактың бұрынғы барлау бастығының сайлауға қатысуға өтініш беруі Египет революциясын қорлау болып табылады.

Осылай деп мәлімдеген «Мұсылман бауырлар» атынан кандидат Хайрат әл-Шатер, егер ол жеңіске жеткен жағдайда екінші рет жалпыхалықтық көтеріліс туа­тынын атап көрсеткен. Рейтер агенттігіне берген сұхбатында 61 жастағы миллионер-кәсіпкер бұрынғы барлау бастығы Омар Сулейманның президент сайлауына түсу жөніндегі шешімін айыптаған. Ол үлкен қателік жіберіп отыр, мұның соңы жақсылыққа соқпайды деп мәлімдеген Хайрат әл-Шатер.

СЫНДАРЛЫ РУХТА ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Пәкстан мемлекетінің басшысы жеті жыл ішінде алғаш рет Үндістанға жеке сапармен барды.

Пәкстан президенті Асиф Али Зардари мен Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх Дели қаласында өткен кездесу қорытындыларына қанағаттанушылық білдірген. Екі мемлекет басшысы да кездесудің достық және сындарлы рухта өткенін мәлімдеген. Келіссөздердің нақты нәтижелері белгілі болмаса да, тараптар екіжақты қарым-қатынастарда орын алған проблемаларды біртіндеп шешу жөнінде уағдаласқан көрінеді.

 МАЛИДЕ ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

Бейбітшілік корпусының волонтерлері Малиден шығарылып, жауапты лауазымдар атқармайтын америкалық дипломатиялық қызметшілерге елден кету жөнінде ұсыныс жасалған.

Сол сияқты америкалықтарды мемлекеттік төңкеріс бол­ған елге барудан сақтандырып отыр. Қазіргі кезде ел астанасы Бамакодағы бас әуежай ашық, дегенмен мемлекеттік департамент елдегі жалпы ахуалға байланысты ұшақтардың ұшу болашағының елеулі мәселе туындататынын атап көрсеткен.

НИГЕРИЯДАҒЫ ЖАРЫЛЫС

Нигерияның солтүстігіндегі Кадун қаласында екі автомобильдің жарылуынан кем дегенде 38 адам құрбан болып, ондаған адам зардап шеккен.

Жарылыс қаланың халық ең көп жүретін көшелерінің бірінде, полицейлер шіркеуге бара жатқан автомобильді тексермек болған кезде орын алған. Жарылыстан шіркеу елеулі зардап шегіп, таяудағы үйлердің төбелері құлап түскен. Осы орайда жарылыстың католиктердің Пасха мейрамы қарсаңында орын алғанын айта кету қажет. Әзірге террорлық топтардың бірде-бірі болған оқиға үшін жауапкершілікті өз мойындарына алмай отыр.

БАЙҚАУШЫЛАР БАҒАЛАУЫ

Оңтүстік Осетиядағы президент сайлауы барысын қадағалаған халықаралық байқаушылар дауыс беру­дің екі турын да демократияға және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді деп мойындаған.

Ресей Мемлекеттік Думасы байқаушылары деле­гация­сының жетекшісі Владимир Поневежский сайлау учас­ке­лерінде болған кезінде жоғары ұйымдастырушылықты, учаскелік комиссиялар жұмысындағы ашықтық пен мөлдірлікті байқағанын атап көрсеткен. Оның айтуынша, сайлау қорытындыларына әсер ететіндей елеулі ескертулер орын алмаған. Сонымен бірге ол республикада күрделі сайлау үдерісінің аяқталғанын да атап көрсеткен.

«ТИТАНИКТІҢ» ІЗІМЕН

Саутгемптон портынан «Титаник­тің» маршруты бойынша «Балморал» круиздік кораблі сапарға шықты.

Кеменің бортына 1309 адам көтерілген көрінеді. Осыдан жүз жыл бұрын апатқа ұшыраған «Титаник» лайнерінде де дәл осынша адам болған екен. «Балморал» кемесіне отыр­ған­дар­дың арасында қайғылы оқиғаға куә болған адамдардың туған-туыстары бар. Бұл сапар жүйкелері жұқаларға арналмаған, оның үстіне апатқа ұшыраған кемедегі  жағдайлар сол күйінде қайталанатындықтан ырымшылдарға да жеңіл тимейтін сияқты. Тіпті ыдыс-аяққа дейін сол замандағы үлгіге сәйкестендірілген. 15 сәуірде кеме «Титаник» апатқа ұшыраған жерге жетпек.

ЕУРООДАҚТЫҢ ЕҢ ҚЫЛМЫСТЫ АСТАНАСЫ

Вильнюс Еуропа одағы елдерінің астаналары ішіндегі ең қылмысты астана деп танылып отыр.

Литва астанасында жүз мың адамға 7,9 кісі өлімі келеді екен. «Евростат» статистикалық агенттігі Еуропа одағы елдері астаналарындағы кісі өлтірулер мен қастандықтар санына есеп жүргізген. Онда 100 мың адамға жасалған қылмыстар бағаланған. Нәтижесінде Литва астанасы Вильнюс бірінші орын алған көрінеді. Екінші орында Таллин, үшінші орында Люксембург Герцогтігінің осы аттас астанасы тұр. Одан кейінгі орындарды Амстердам мен Брюссель алады екен.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.