• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2012

Шарайна

267 рет
көрсетілді

Шарайна

Сейсенбі, 24 сәуір 2012 6:59

ОЛЛАНД – БІРІНШІ ТУР ЖЕҢІМПАЗЫ

Жексенбіде Францияда өткен президенттік сай­лаудың бірінші турының қорытындысы бойынша 28,61 пайыз дауыс жинаған социалист Франсуа Олланд алдыңғы орынға шықты.

27,08 пайыз жинаған қазіргі президент Николя Саркози екінші орында болса, 18,05 және 11,12 пайыз дауыс жинаған Марин Ле Пен мен Жан-Люк Меланшон тиісінше, үшінші және төртінші орындарды иеленді. Сайлау­шы­лар­дың сайлау учаскелеріне келуі 80,43 пайызды құраған. Бұл бюллетеньдердің 99,9 пайызы өңделгеннен кейін белгілі болып отырған мәлімет. Түпкілікті нәтижелер сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 20.00-ге дейін белгілі болуы тиіс.

 

Сейсенбі, 24 сәуір 2012 6:59

ОЛЛАНД – БІРІНШІ ТУР ЖЕҢІМПАЗЫ

Жексенбіде Францияда өткен президенттік сай­лаудың бірінші турының қорытындысы бойынша 28,61 пайыз дауыс жинаған социалист Франсуа Олланд алдыңғы орынға шықты.

27,08 пайыз жинаған қазіргі президент Николя Саркози екінші орында болса, 18,05 және 11,12 пайыз дауыс жинаған Марин Ле Пен мен Жан-Люк Меланшон тиісінше, үшінші және төртінші орындарды иеленді. Сайлау­шы­лар­дың сайлау учаскелеріне келуі 80,43 пайызды құраған. Бұл бюллетеньдердің 99,9 пайызы өңделгеннен кейін белгілі болып отырған мәлімет. Түпкілікті нәтижелер сәрсенбі күні жергілікті уақытпен 20.00-ге дейін белгілі болуы тиіс.

ҚАҚТЫҒЫС ТЫЙЫЛАР ЕМЕС

Хеглиг өңірі үшін көршілес Суданмен болған қақтығыс салдарынан Оңтүстік Суданның 1,2 мыңға жуық азаматы қаза тапқан.

Бұл туралы Оңтүстік Судан армия­сының қолбасшысы Камал Маруфтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Франс-пресс агент­тігі хабарлаған. Оңтүс­тіксудандық армияның шегінгеніне қара­мастан, көршілес мемлекет билігі Бентиу қаласына әуеден шабуыл жасауды жалғастыра берген көрінеді. Осылайша базарға және қаладағы орталық көпірге бомбалар тасталған. Оңтүстік Судан бұл бомбалауларды арандату ретінде қабылдап отыр.

ҚЫЛМЫСКЕР ӨКІНІШ БІЛДІРДІ

Норвегиялық терроршы Андерс Брейвик кездей­соқ өтіп бара жатқан адамдардың қаза тапқанына өз өкінішін білдірген.

Ол сотта ісі қаралып жатқан кезде өткен жылдың 22 шіл­­десінде Ослоның үкіметтік кварталында жасырылған бомбаның жарылысынан қаза тапқандар мен зардап шек­кендердің туған-туыстары алдында кешірім сұраған көрінеді. Сонымен бірге, ол Утойя аралында Жұмысшылар партиясының жастар лагеріне қатысушыларды өлтіргені үшін кешірім сұрай қоймаған. Брейвик осы қылмыстардың бәрін саяси көзқарасына орай жасағанын тағы да атап көрсеткен.

ҰШАҚ ҚҰПИЯСЫ АШЫЛЫП ҚАЛДЫ

Ирандық мамандар америкалық RQ-170 «Сентинел» ұшқышсыз ұша­тын аппараттың жұмыс тәсілін ашып, құпиясын анықтап алған.

Айта кету керек, бұл ұшақты әскерилер өткен жылдың желтоқсан айында қолға түсірген болатын. «Ислам революциясының сақшылары» корпусының аэроғарыш бөлімінің басшысы генерал Амир Али Хаджизаденің хабарлауынша, ирандық мамандар қазір ұшақтың дәлме-дәл көшірмесін жасауға кіріскен көрінеді. Сонымен бірге, ирандық инженерлердің ұшқышсыз ұшатын аппараттың жүйелеріне жазылған ақпаратты қалпына келтірумен айналысып жатқаны да белгілі болып отыр.

АТАСЫ ҮШІН АЙЫПТЫ БОЛДЫ

Обаманың басты қарсыласы, АҚШ президент­ті­гінен үміткер Ромниге оның атасы бірнеше әйел алған деген айып тағылып отыр.

Массачусетс штатының бұрынғы губернаторына бұқа­ралық ақпарат құралда­ры алдында өз атасының полигамист бол­­мағандығы туралы айтып, ақталуға тура келген. Мен әкем және анам, бірнеше аға-інілерім мен бір қарындасым бол­ған отбасында өстім. Олар Мексикада тұрды және менің білуімше, өз өмірлеріне риза болатын деп атап көр­­­сет­кен ол. Сонымен бірге ХІХ ғасырда мормондар үшін көп әйел алудың дағдылы көрініс болғаны да мәлім болып отыр.

ҚҰРБАНДАРҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Польшаның Закопане қаласында Смоленск түбінде құлаған Ту-154 ұша­ғы апатының құрбандарына ес­керт­­­кіш ашылды.

Костел алдына орнатылған ескерт­кіш­ке барлық қаза тапқандардың аты-жөн­де­рі ойып жазылған көрінеді. Рәсімді епископ Дамиан Мускус ашқан. Іс-шараға қаза тапқандардың барлығының отбасы­ла­ры­ның шақырылғанына қарамастан, салтанатқа келе алма­ған­дар да бар екен. Айта кету керек, ішінде ел президенті Лех Качиньски болған үкіметтік авиалайнердің апатқа ұшы­рауы Польша үшін ұлттық қайғы-қасіретке айналып отыр.

КӨРШІЛЕРІНЕ ҚЫР КӨРСЕТТІ

КХДР басшылығы зымыран ұшырғанын сына­ғанына жауап ретінде арнайы операция жүргізетінін айтып, Оңтүстік Кореяға қыр көрсетті.

Солтүстік Корея қажет болған жағдайда өз жауларының күлін көкке ұшыратынын мәлімдеген. 13 сәуірде КХДР ұшырған зымыран сәтсіздікке ұрынған еді. Ол ел үшін 850 миллион долларға түскен көрінеді. Сеул болса осынша қаржыны қару-жараққа емес, өз халқын тамақтандыруға неге жұмсамайды деп сынаған болатын. Пхеньянның ренішін тудырып отырған да осы сөз.

ИЗРАИЛЬ ҮМІТІН ҮЗБЕК ЕМЕС

Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман осы елге табиғи газ жеткізіп беру туралы ұзақ мер­зімді келісімді тоқтату жөніндегі Египет шешіміне сабырмен қарау­ға ша­қырып отыр.

Саясаткер бұл даудың бизнесте кез­десетін кез келген даулар тәрізді шешім табатынынан үмітті. Біз Египетте болып жатқан жағдайларды мұқият бақылап отырмыз, жағдайдың жақсы жаққа қарай бағыт алатынына сеніміміз мол, деп атап көрсеткен Либерман. Сондай-ақ ол әзірге оң өзгерістердің болмағанына қара­мастан, асығыс шешім шығарудың қажеті жоқ екеніне де назар аударған.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.