• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2019

Сарыағашта әлемдегі ең өсімтал ағаш өсірілуде

1561 рет
көрсетілді

Кәсіпкер Балтабай Құрбанбаевтың айтуынша, көріктілігімен, өсімталдығымен әлемнің дамыған елдеріне танымал павловнияның пайдасы өте көп. Әлемдегі ең жылдам өсетін жапырақты ағаш, 3 жылда 15 метрге дейін және 7-8 жылда 22-25 метрге дейін өседі екен. Қазіргі уақытта кем дегенде 6 түрі анықталған.

Ағашты Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына 2017 жылы Қытай елінен 50 мың түп әкеліп жерсіндірген кәсіпкер, бос жатқан 2 гектар жерге отырғызған. Кәсіпкердің айтуынша, батыста бұл ағаш кеңінен танымал, онда жиһаз, фанер және биомасса өндірісі үшін өсіреді. Жапырақтары үлкен, әсіресе бірінші жылда, бір гектардан 1200 тоннаға дейін көмір қышқыл газының сіңірілуін қамтамасыз етеді, яғни ауаны тазартады. Жиһаз өнеркәсібінде «ағаш алюминийі» ретінде белгілі, яғни бұралу, шөгу мен деформацияға төзімді. Жапырақтары жемшөпке сапалы түрде ұқсас, ал бірінші жылдары ені 75 сантиметрге жетеді. Бұталар түрінде өсіру жайылымдық жағдайлары жоқ аймақтарда ірі қара малға арналған жем-шөп базасын құруға мүмкіндік береді. Жерді құнарландыратын қасиеті және бар. Үшінші жылдан бастап мамырдың басы мен маусымның ортасына дейін гүлдейді және бал аралары үшін өте пайдалы.

- Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азия отаны болып саналатын павловния ағашының көшеттерін біз Қытай елінен әкеліп, жерсіндірдік. Біздің оңтүстік өлкенің климатын ескере, ыстығы мен суығына төзімді сортына таңдау жасадық. Алып келген көшеттің барлығы дерлік өсіп-өнді. Көрікті де өсімтал, ауаны тазартуға, күннің ыстығында сая болуға пайдасы өте мол ағашқа сұраныс та көп. Павлония өзіне ерекше күтімді қажет етпей-ақ, тақыр жерді 7 жыл ішінде орманға айналдыра алады екен. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру қажеттігін атап көрсетті. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі» екенін айтты. Осы орайда өңірді, оның ішінде қаланы таза әрі жасыл желекке айналдыруда озық жетістіктерді, жаңашылдықты батыл енгізген жөн, - дейді Балтабай Құрбанбаев.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы