• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2012

Олланд қатаң үнемдеуге қарсы

334 рет
көрсетілді

Олланд қатаң үнемдеуге қарсы

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 8:16

Францияның жаңа президенті Франсуа Олланд ГФР канцлері Ангела Меркельмен Берлинде өткен кездесуінде өз елінің Германиямен қарым-қатынасты нығайта бере­тінін мәлімдеді.

Бірлескен баспасөз мәслихатында Франсуа Олланд екі ел арасындағы байланыстар теңдестірілген және құрметке негізделген болуы тиіс деп атап көрсеткен. Сондай-ақ кездесуде Еуроодақтағы қарыздық дағдарыс жайы да тал­қыланған. Бұл орайда Ф.Олланд А.Меркель ұсынып отыр­ған бірқатар қатаң үнемдеу шараларына өзінің қарсы екендігін де білдірген.

 

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 8:16

Францияның жаңа президенті Франсуа Олланд ГФР канцлері Ангела Меркельмен Берлинде өткен кездесуінде өз елінің Германиямен қарым-қатынасты нығайта бере­тінін мәлімдеді.

Бірлескен баспасөз мәслихатында Франсуа Олланд екі ел арасындағы байланыстар теңдестірілген және құрметке негізделген болуы тиіс деп атап көрсеткен. Сондай-ақ кездесуде Еуроодақтағы қарыздық дағдарыс жайы да тал­қыланған. Бұл орайда Ф.Олланд А.Меркель ұсынып отыр­ған бірқатар қатаң үнемдеу шараларына өзінің қарсы екендігін де білдірген.

Ұлттық бірлік блогының жеңісі

Сирияда өткен сайлауда жеңіске жет­кен Ұлттық бірлік блогы пар­ла­мент­тегі 250 орынның 185-іне ие болды.

Блоктың барлық кандидаттары Араб социалистік өрлеу партиясы (АСӨП немесе Баас) және оның Прогрессивті ұлттық майдан бойынша одақтастары атынан ұсынылған болатын. Дауыс беру нәтижелері бойынша 49 орынға ие болған тәуелсіз депутаттар тобы үшінші орын алған көрінеді. Сайлауға қатысқан бірден-бір оп­позициялық фракция – Бейбіт өзгерістер жолындағы күш­тер коалициясы 5 депутаттық мандатқа қол жеткізген.

 

Жалақордың жазалануын талап етуде

Бір жыл бұрын әйел зорлады деген дауға іліккен ХВҚ-ның экс-басшысы Доминик Стросс-Кан өзіне кінә тақ­қан қонақүй қызметшісінің үстінен 1 миллион долларға талап-арыз түсірді.

Француз социалистік партиясының бұрынғы басшысы және Франция президенттігіне кандидат Стросс-Кан 32 жастағы гвинеялық Нафиссату Диаллоны өзіне қасақана кінә тақты деп айыптап отыр. Сол арқылы ол мұның беделіне және кәсіби жоспарларына аса үлкен нұқсан келтірген. Сонымен бірге, Стросс-Кан талап-арызында өзінің сот қудалауына түскенін, заңсыз бас бостандығынан айырылғанын, соның бәрінің көңіл-күйіне теріс әсер еткенін атап көрсеткен.

 

Шығарылған үкім жүзеге асырылды

Иранда ядрошы-физик Мостафа Ахмади Рошанның қаза табуына байланысты өлім жазасына кесілген Мажид Джамали Фашиге қатысты үкім жүзеге асты.

Сонымен бірге, оған Израильдің пайдасына шпиондық жасап, сол үшін 120 мың доллар алды деген де айып тағылған болатын. Израиль өкіметі болса, өздерінің ол өлімге қатысының жоқ екенін мәлімдеп отыр. Айта кету керек, ядрошы-физик М.Рошан оның машинасының астына белгісіз біреулер орнатқан бомбаның жарылуынан қаза тапқан болатын.

 

Альянсқа наразылық күшеюде

Бейбітшілік пен әділдік үшін күре­­­суші 39 америкалық ұйым «НАТО-сыз болашақ үшін желі» деп аталатын құрылым құрды.

Олар Чикагода өтетін НАТО саммиті қарсаңында «Бейбітшілік пен экономикалық әділеттілік жолындағы контрсаммит» деп аталатын шара өткізбекші. Құрылым мүшелерін Обаманың Карзаймен жасаған келісімінің жобасы алаңдататын көрінеді. Әсіресе, 2014 жылы АҚШ әске­рінің Ауғанстаннан толық шығарылатынына күмән үлкен. Оған аталған келісімнің Конгресті айналып өтіп жасал­мақтығы себепкер болып отыр.

 

Еуроодақ өкілінің машинасы өртелді

Германияда белгісіз біреулер Еуроодақтың Грекия жө­ніндегі жұмыс тобының басшысы Хорст Рейхен­бахтың автомобилін өртеп жіберген.

Сонымен қатар, олар Рейхенбахтың үйіне бояу тол­тырылған пакет те лақтырған көрінеді. Егер еске сала кетсек, Рейхенбах пен оның жұмыс тобы Грекияға ел экономикасы саласында құрылымдық реформалар жүргізуге көмек көрсетумен айналысуда. Дей тұрсақ та, Грекияның өзінде қатаң бюджеттік үнем­деу шараларының қалың жұртшылық арасында үлкен қарсы­лыққа тап болып отырғанын да айта кету қажет.

 

Кездесу пішіні өзгеретін болды

Ресей президенті В.Путиннің Кэмп-Дэвидте өтетін «үлкен сегіздік» кез­­­десуіне барудан бас тартуына байланысты Ақ үй АҚШ президенті Б.Обама мен Ресей премьер-министрі Д.Мед­­­ведевтің кездесуіне өзгерістер енгізетін болды.

Бұған дейін саммит шеңберінде екі ел басшылары арасында толыққанды келіссөздер ұйымдастыру жоспарланған екен. Онда Еуропадағы америкалық зымыранға қарсы қор­ғаныс жүйесі элементтерін орналастыру және экономи­калық қызметтестік мәселелерін талқылау да қарас­тырылған көрінеді. Енді осы кездесулердің бәрі өтпейтін болып отыр.

 

Ратко Младич ісі қаралуда

Гаагада Серб Республикасы қарулы күштері бас шта­бының бұрынғы бастығы Ратко Младичтің үстінен сот процесі басталды.

Генералға он бір түрлі айып, оның ішінде, азамат со­ғысы жылдарында  мұсылмандар мен хорваттарды қыр­ғынға ұшыратты және әскери қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр. Атап айтқанда, оған 1995 жылы Сребреницеде 8 мың адамды өлтіруге қатысы бар деген айып тағылуда. Осы орайда, бұрынғы Югославия аумағындағы азаматтық соғыс салдарынан жүз мың адамның құрбан болғанын айта кету керек.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.