• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Маусым, 2012

Шарайна

195 рет
көрсетілді

Шарайна

Сәрсенбі, 6 маусым 2012 7:12

КАДДАФИГЕ КӨМЕКТЕСТІ ДЕП АЙЫПТАЛДЫ

Триполидің әскери соты Украинаның, Белоруссияның және Ресейдің 24азаматын Каддафи режімінің әскери техникасын жөндегені  үшінайыпты деп тапты.

Ресейдің бір азаматы  өмір бойына бас бостандығынан айыруға кесілді, ал қалғандары: 19 украин азаматы, 1 Ресей азаматы және 3 Беларусь азаматы әрқайсысы 10 жылға сотталды. Сот шешім шығармас бұрын Украина сыртқы істер министрлігі мен Ливия арасында ұзақ келіссөздер жүрді. Киев тіпті Ливияға гуманитарлық көмек ретінде екі ұшақ, саперлер бригадасын жіберіп, жаралы ливиялықтарды өздерінде емдеді. Соның нәтижесінде 4 украиналық елдеріне  қайтып оралды.

 

Сәрсенбі, 6 маусым 2012 7:12

КАДДАФИГЕ КӨМЕКТЕСТІ ДЕП АЙЫПТАЛДЫ

Триполидің әскери соты Украинаның, Белоруссияның және Ресейдің 24азаматын Каддафи режімінің әскери техникасын жөндегені  үшінайыпты деп тапты.

Ресейдің бір азаматы  өмір бойына бас бостандығынан айыруға кесілді, ал қалғандары: 19 украин азаматы, 1 Ресей азаматы және 3 Беларусь азаматы әрқайсысы 10 жылға сотталды. Сот шешім шығармас бұрын Украина сыртқы істер министрлігі мен Ливия арасында ұзақ келіссөздер жүрді. Киев тіпті Ливияға гуманитарлық көмек ретінде екі ұшақ, саперлер бригадасын жіберіп, жаралы ливиялықтарды өздерінде емдеді. Соның нәтижесінде 4 украиналық елдеріне  қайтып оралды.

МҰСЫЛМАНДАРДЫ НЕЛІКТЕН ЖЕК КӨРДІ?

Екі бірдей  теракт ұйымдастырған норвегиялық терроршы АндерсБрейвик сот барысында өзінің мұсылман­дарды неліктен жек көретінінайтып берді.

Оның айтуынша, бала кезінде мұ­сылмандармен болған қарым-қатынас  тә­­­­жі­­рибесі оған қатты әсер еткен. Бірінші рет ол мұсыл­манмен 7 жасында кездескен. Онда Түркиядан шыққан досының әкесі мұның велосипедін қиратқан. Тағы бір жолы біреулер мұның анасының есігінің жанына қоқыс толы қапшық қалдырып кеткен. Сонымен бірге ол өзінің иммигрант отбасыларынан шыққан бірнеше достары болғанын да мойындаған. Брейвик олардың норвег балаларына қарағанда қайсарлығының өзін тәнті еткенін де атап көрсеткен.

 

КЕЛІСІМНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ТАЛАП ЕТТІ

АҚШ тағы да Ресейді 2008 жылы қол қойылған Грузияға қарсы оқатуды тоқтату жөніндегі келісімді толық орындауға шақырып отыр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бұл жөнінде Батумиде стратегиялық қызметтестік хартиясының грузин-америка комиссиясының ашылуы кезінде мәлім­деген. Біз басып алынған аумақтан Ресейдің бүкіл қарулы құрылымдарының шығарылуын қарастыратын осынау келісімнің барлық тармақтарының орындалуын талап ете­міз деп атап көрсеткен Хиллари Клинтон. Сонымен бірге ол Вашингтонның Грузияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін мойындайтынын да мәлімдеген.

 

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ЖОЛЫ

Солтүстікатлантикалық одақ Ау­ған­станнан халық­аралықәскерлерді шығар­ған кезде әскери техника және басқа да жабдықтартранзиті жөнінде  Өзбек­станмен,  Қырғыз­станмен жәнеҚазақ­станмен келісімге келгенін хабарлады.

Тиісті құжаттарға Брюссельде қол қойылған. НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің айтуынша, аталған келісім Ауғанстаннан 2014 жылдың соңында әскерлерді шығаруды қамтамасыз ету ісінде Солтүстік­атлан­тикалық одаққа жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, соңғы жылдары АҚШ-пен қарым-қатынасы нашарлай түскен Пәкстанды айналып өтуге жағдай тумақшы.

 

ИЗРАИЛЬ СОҒЫСҚА ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР МА?

ГФР-дың ресми өкілдері алғаш рет неміс тарапының Израильге ядролық оқтұмсығы бар зымырандармен жаб­дықтауға болатын сүңгуір қайықтар жеткізіп бергенін растаған.

Бұл жөнінде немістің «Шпигель» журналы өзінің жур­налистік зерттеулерінің қоры­тындылары бойынша хабар­лаған. Әңгіме «Дельфин» класына жататын көп мақсатты сүңгуір қайықтар жөнінде болып отыр. Журналдың жазуына қарағанда, аталмыш сүңгуір қайыққа орнатылатын зымырандар салмағы 200 кило тартатын ядролық оқ­тұмсықты 1500 шақырым қашық­тыққа дейін жеткізе алатын көрінеді.

 

ҮШІНШІ РЕАКТОР ТУРАЛЫ СЫБЫС

Иран құпия түрде үшінші ядролық реакторды құ­руда, делінген америкалық «Изис» зерттеу орталы­ғының есебінде.

Сарапшылар бірқатар ирандық жоғары лауазымды тұлғалардың айтқандары мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) есебін негізге алып отырған көрінеді. Жаңа реактордың қай жерде орналас­қандығы жөнінде  әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Кейбір мәліметтерге қарағанда,  Иран өз қоластындағы байы­тыл­ған уранның 10 пайызын соңғы үш айда өндірген көрінеді.

 

СИРИЯ МӘСЕЛЕСІН СИРИЯЛЫҚТАР ШЕШУІ ТИІС

 

Ресей Сирия президенті Башар Асадты орнынан кетіру туралы АҚШ-пен ешқандай келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ.

Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов кеше осылай деп мәлімдеді. Бұл мәселені бөтен біреулер емес, сириялықтардың өздері талқылауға тиіс деп атап көрсеткен М.Богданов. Сонымен бірге ол қазіргі кезде Ресейдің Сириядағы ахуалға қатысты барлық шетелдік әріптестерімен, соның ішінде АҚШ-пен де қарқынды келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған.

 

ӘУЕЖАЙ ЕРЕУІЛШІЛЕРДЕН ТАЗАРТЫЛДЫ

Ливия өкіметіне адал әскерлер Триполи халықаралық әуежайындағы жағ­дайды өз бақылауына алды.

Айта кету керек, әуежайды ереуілшілер бірнеше сағат бойы құрсауда ұстаған болатын. Жергілікті бұқаралық ақпарат құрал­да­рының хабарлауынша, операция барысында 10 адам зардап шеккен. Осыдан бір күн бұрын елдің орта­лы­ғынан келген тайпалық қарсылық көрсетуші жауынгерлер өз көсемдері Әбу Аджил әл-Хабшиді босатуды талап етіп, әуе­жайды қоршап алып, ұшу-қону алаңын жауып тастаған болатын.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.