• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2012

Шарайна

247 рет
көрсетілді

Шарайна

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:09

СОЦИАЛИСТЕР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Францияда Ұлттық жиналыстың төменгі палатасына өткенсайлаудың бірінші турында социалистер басым жеңіске жетті.

Сайлау учаскелеріне келген француздардың 34,5 пайызы социалистік партия үшін дауыс берген. 27,2 пайыз дауыс жинаған «Халықтық қозғалыс үшін одақ» партиясы екінші орын алды. 14 пайызбен Марин Ле Пен бастаған «Ұлттық майдан» партиясы үшінші орынға қол жеткізген. Сайлауға келу көрсеткіші төмен болып, небәрі 37 пайызды ғана құраған көрінеді. Сарапшылардың болжамынша, социалистер жаңа парламентте «солшыл майданымен» және экологтармен бірлесіп, блок құруы мүмкін.

 

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:09

СОЦИАЛИСТЕР ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Францияда Ұлттық жиналыстың төменгі палатасына өткенсайлаудың бірінші турында социалистер басым жеңіске жетті.

Сайлау учаскелеріне келген француздардың 34,5 пайызы социалистік партия үшін дауыс берген. 27,2 пайыз дауыс жинаған «Халықтық қозғалыс үшін одақ» партиясы екінші орын алды. 14 пайызбен Марин Ле Пен бастаған «Ұлттық майдан» партиясы үшінші орынға қол жеткізген. Сайлауға келу көрсеткіші төмен болып, небәрі 37 пайызды ғана құраған көрінеді. Сарапшылардың болжамынша, социалистер жаңа парламентте «солшыл майданымен» және экологтармен бірлесіп, блок құруы мүмкін.

 

БЕЙБІТ РЕТТЕУ ЖОЛЫН ҚАЛАЙДЫ

Сирия ұлттық кеңесі елдегі дау-жанжалға тек БҰҰ ҚауіпсіздікКеңе­сінің санкциясы арқылы ғана халық­аралық әскериараласушылықты қуат­тап отыр.

Ұйым басшысы Абдель Бассет Сайд­тың мәлімдеуінше, ол бұрынғысынша БҰҰ мен Араб мемлекеттері лигасының Сирия бойынша арнайы өкілі Кофи Аннан ұсынған бейбіт реттеу жос­парын ұстануға дайын. Сонымен бірге, ол келісімнің орындалатынына көз жеткізу үшін халықаралық қауым­дас­тықты президент Башар Асадтқа да ықпал етуге шақырған.

БҰҰ ӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ӘКЕТУДЕ

Елдегі жағдайдың шиеленісе түсуіне байланысты БҰҰ өзқызметкерлерін Мьянмадан шығара бастады.

Әзірге бұл шаралар ерікті түрде жүргізілуде. Соңғы уақыттары мұсылмандар мен буддашылар арасындағы қақтығыстар тоқтамай тұрған елдің батысындағы Ракхайн Штатын қазірдің өзінде БҰҰ-ның 40 қызметкері мен олардың отбасы мүшелері тастап шыққан. Сонымен бірге, БҰҰ бұл эвакуацияның уақытша сипатқа ие екенін де айтуда. Сөз ретінде Мьянма президенті Тейн Сейннің 10 маусымда елдің батысындағы Ракхайн провинциясында төтен­ше жағдайлар режімін енгізгенін айта кету қажет.

СЕНАТОР ҚАРУЛЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ ҚУАТТАЙДЫ

Халықаралық қауымдастықтың үндеуіне қарамас­тан Сауд Арабиясымен өзге де бірқатар араб елдері Сирия оппо­зи­циясының қарулытоптарына қару-жарақ жет­кізіп беруде.

CNN агенттігіне берген сұхбатында америкалық сенатор Джон Маккейн оған өзінің қуанышты екенін мәлімдеп, АҚШ әкімшілігін сириялық ереуілшілерге тікелей әскери көмек көрсетуді бастауға шақырған. Өз кезегінде «Сирия ерікті армия­сы» ереуілшілер тобының өкілі Ареф Хаммуд Сирия ұлттық кеңесі мен шетелдік оппозицияның өзге де топтарының «қара базардан» қару-жарақ сатып алу үшін ереуілшілерді бұрын­ғыдан да көп ақшамен жабдықтай бастағанын жеткізген.

ШІРКЕУЛЕРГЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ

Нигерияның орталық және солтүс­тік-шығыс бөлік­теріндеорналасқан хрис­­тиан шіркеулеріне исламистер шабуылы салдарынан7 адам қаза тапқан.

«Боко Харам» исламистік тобының содырлары жексенбілік ғибадат ету кезінде екі бірдей шіркеуге шабуыл жасаған. Нигерияның орталығында орналасқан Джос қаласында жанкешті өзін храмның жанында жарып жіберген. Соның салдарынан 50 адам жарақат алған көрінеді. Екінші оқиғада 5 содыр Биу қаласындағы шіркеулердің біріне басып кіріп, ондағыларға оқ жаудыра бастаған. Соның салдарынан бір әйел қаза тапқан.

АЙЫПТАУЛАРДЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

Иран өздерінің Парчин нысанында ядролық сынақ өткізгендігі туралыМАГАТЭ тарапынан болған айыптауды теріске шығарды.

Маусым айының басында МАГАТЭ басшысы Юкия Амано Иран ядролық сынақтар іздерін жасыру үшін Парчин ядролық нысанындағы құрылыстарды қиратуда деп мәлім­деген болатын. Иранның қорғаныс министрі бұл сөздерді шындықпен және әділдікпен сәйкеспейді деп атады. Батыс­тың айыптауларын жоққа шығарған Иран өкіметі Парчиннің бар болғаны қарапайым әскери кешен екенін мәлімдеп отыр.

ДЕЛЕГАЦИЯ МҮШЕЛЕРІН ҚАМАУҒА АЛДЫ

Ливияда тұтқындалған ресейліктер қатары көбейе түсуде.

Осыдан бірер күн бұрын Зинтан қаласында Ресейдің Нидерландыдағы бұрынғы елшісі Александр Ходаков қамауға алынған. Ол бұл елге Халықаралық қылмыстық сот делегациясы құрамында келген көрінеді. Бұған дейін осы елде екі ресейлікке бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шыққан болатын. Сонымен бірге, 9 маусым күні жергілікті биліктің делегацияның бір мүшесі – австралиялық адвокат Мелинда Тейлорды қамауға алғаны да белгілі болып отыр. Оған шпиондық жасады деген айып тағылып отыр.

ЗІЛЗАЛА ҚАУПІ СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

Түркияда таяу уақыттары қуаты 6 балдан асатын жер сілкінісінің қай­талануы мүмкін.

Сейсмологтар осындай болжам жасап отыр. 10 маусым күні осындай қуатты зілзала елдің оңтүстік батыс бөлігіндегі Мугла провинциясы жағалауына жақын жерде орын алды. 30 секунд бойына жер қозғалып тұрған. Зілзала дүмпуі бірқатар қалаларда, соның ішінде Мармарис, Фетхи, Анталья қалаларында сезілген. Абырой бол­ғанда, қаза тапқандар жоқ, бірақ 60-қа жуық адам ауруха­наларға баруға мәжбүр болған көрінеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.