• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2012

Миссияның мақсаты – бейбітшілік

484 рет
көрсетілді

Миссияның мақсаты – бейбітшілік

Жұма, 15 маусым 2012 7:25

Кеше Тәжікстандағы Чорух-Дайрон полигонында Шанхай ынтымақтастықұйымының қамқорлығымен лаңкестікке қарсы бірлескен әскерикомандалық-штабтық «Бейбіт миссия-2012» оқу-жаттығуының шешушікезеңі өтті, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

 

Жұма, 15 маусым 2012 7:25

Кеше Тәжікстандағы Чорух-Дайрон полигонында Шанхай ынтымақтастықұйымының қамқорлығымен лаңкестікке қарсы бірлескен әскерикомандалық-штабтық «Бейбіт миссия-2012» оқу-жаттығуының шешушікезеңі өтті, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Әскерлердің бірлескен топтарының әскери іс-қимылдарының барысын бақылау үшін қытайлық-қырғызстандық, ресейлік және тәжікстандық әріптестерімен бірге, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков келді.

«Бейбіт миссия-2012» оқу-жаттығуына ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери құрылымдары қатысты. Коалициялық топ бөлімшелері алдарына қойылған тапсырмаларды орындады. Оқу-жат­тығудың басты мақсатына қол жеткізілді: лаң­кестікке қарсы бірлескен операцияларды даярлау барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери басқару органдарының алгоритмі жетілдірілді.

Әділбек Жақсыбеков ШЫҰ аясындағы «Бейбіт миссия-2012» оқу-жаттығуы лаңкестікке, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресте ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер Қарулы күштерінің жігер­лілігін, табандылығы мен мүмкіншіліктерін көр­сетті. Оқу-жаттығудың барлық мақсаттарына қол жеткізілді, аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ?қарулы күштеріміздің өзара іс-қимыл танытуының деңгейі өсті, деп атап өтті. Ол сондай-ақ, Қазақ­стан инте­грациялық ойларды дамытудың белсенді жақтаушысы және де ШЫҰ-ның әлеуеті мен беде­лін арттыруға бағытталған бастамаларын әрқа­шан­да қолдайтындығын баса айтты.

Осы жолғы «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуы Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде осымен алтыншы рет өткізілді және табысты аяқ­тал­ды. Әскерлердің коалициялық топтарының бірлес­кен оперативті штабы үйлесімділік және бірлескен операцияларды орындаудағы өзара әрекеттесу мәселелерін игеріп, бір-бірлерімен тәжірибе алмас­ты. Күйзеліс жағдайларды шешу әдістері жетіл­діріліп, аймақта қауіпсіздікті орнату мәселелері меңгерілді. Қазақстандық десантшылар мен ұш­қыш­тар өз тапсырмаларын жоғары деңгейде орындады. Интернационалдық әскери топтар бейбіт­шілік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы кез келген тапсырмаларды орындай алатындықтарын айғақтады.