Сенбі, 16 маусым 2012 7:11
«Мұсылман-бауырлар» ескерту жасады
Египетте «Мұсылман-бауырлар» қозғалысы конституциялықсоттың парламенттің заңсыздығы туралы шешіміне байланыстықауіп туындайтынын ескертті.
Айта кету керек, парламентте исламистік партиялар өкілдері көпшілік орынға ие болған еді. Сонымен бірге, бүкіл құрамын елдің экс-президенті Хосни Мүбарак тағайындаған сот та Мүбарак үкіметінің бұрынғы премьер-министрі Ахмед Шафиктің президенттік сайлауға қатысуының заңдылығын растады. Шешім екінші турға бірнеше күн ғана қалғанда хабарланып отыр. Онда Шафик «Мұсылман-бауырлар» өкілі Мухаммед Мурсимен бәсекеге түсуі тиіс.
Сенбі, 16 маусым 2012 7:11
«Мұсылман-бауырлар» ескерту жасады
Египетте «Мұсылман-бауырлар» қозғалысы конституциялықсоттың парламенттің заңсыздығы туралы шешіміне байланыстықауіп туындайтынын ескертті.
Айта кету керек, парламентте исламистік партиялар өкілдері көпшілік орынға ие болған еді. Сонымен бірге, бүкіл құрамын елдің экс-президенті Хосни Мүбарак тағайындаған сот та Мүбарак үкіметінің бұрынғы премьер-министрі Ахмед Шафиктің президенттік сайлауға қатысуының заңдылығын растады. Шешім екінші турға бірнеше күн ғана қалғанда хабарланып отыр. Онда Шафик «Мұсылман-бауырлар» өкілі Мухаммед Мурсимен бәсекеге түсуі тиіс.
230 жылға сотталуы мүмкін
Америкалық прокурорлар қаржы пирамидасын құрды деп айыпталғанқаржыгер Аллен Стэнфорд үшін 250 жылға бас бостандығынан айыружазасын сұрап отыр.
Бұл айыптау жағы талап ете алатын мүмкін деген ең үлкен мерзім. Өткен бейсенбіде Техас штатындағы Хьюстонның федералдық соты бүкіл Америка бойынша салымшыларды 7 миллиардтан астам долларға алдап кеткен бұрынғы миллиардер және қаржыгерге үкім шығарды. Наурыз айында Стэнфорд айыптаулардың 13-бабы бойынша кінәлі деп танылған болатын. Олардың қатарында қаржы пирамидасын құру, ірі мөлшердегі алаяқтық және лас ақшаларды кәделеу сияқты қылмыстар бар.
Тікұшақ берген жоқпыз деп ақталуда
Батыс мемлекеттері Ресейді Сирияға қатысты неғұрлым қатаңырақіс-қимылдарға бару қажеттігіне сендіруге тырысуда.
Ресей сыртқы саясат ведомствосы Башар режіміне наразы ереуілшілер мен үкіметтік әскерлер арасында жылдан астам уақыттан бері қарулы қақтығыстар жүріп жатқан Сирияға Мәскеудің соғыс тікұшақтарын жеткізіп бермейтіндігін тағы да мәлімдеп отыр. Дипломаттар Ресейдің Сирияға бұдан көптеген жылдар бұрын сатылған тікұшақтарға жөндеу жүргізгенін айтып ақталуда. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Сириямен қызметтестік қорғаныс қару-жарағын берумен ғана шектелуде.
Істі қайта қараудан бас тартты
Ұлыбританияның жоғарғы соты Ассандждың ісін қайта қараудан бастартып, оны экстрадициялау туралы шешімді бекітті.
Осыдан екі апта бұрын Британияның ең жоғарғы сот инстанциясы Ассандждың өзін тұтқындау туралы еуропалық ордердің күшінің жүрмейтіндігі туралы қолхатын кері қайтарған болатын. Сот журналиске екі апта уақыт берді. Одан кейін оған қатысты экстрадициялау процесі басталады. Он күн ішінде Ассандж Швецияның құқық қорғау органдарына табыс етілуі тиіс. Дегенмен, айыпталушының адвокаттары осыдан сәл бұрын өздерінің Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа шағымдануға дайын екендіктерін хабарлаған болатын.
Сирияда терроршы тұтқындалды
Сирия қауіпсіздік күштері Дамаскіде бомба жармақ болған жанкешті-терроршы Мухаммед Хассам ас-Садакиді тұтқындады.
Мәлім болғанындай «Әл-Каидамен» байланысы бар «Джабхат ан-Насра» тобының мүшесі 15 маусым күні жұма намазы кезінде өзін Ар-Рифаи мешітінің ішінде жарып жібермек болған. Ол Дамаскінің бірқатар мешіттерінде террорлық акт жасауға дайындалып жатқан өзінен басқа да жанкештілердің бар екенін хабарлаған. Осының алдында ғана Сирияның БҰҰ-дағы өкілінің Сириядағы жаппай кісі өлтірулерге терроршылардың кінәлі екенін айтқанын да еске сала кету қажет.
Лаңкестермен күрес Африкаға ауысты
АҚШ-тың «Әл-Каида» террорлық тобымен соғысы ендігі жерде жаңа құрлыққа көшіп отыр.
Бұдан былай Африкада да арнайы операциялар жүргізілетін болады. «Вашингтон пост» газеті журналистерінің мәліметтерінше АҚШ Африкада оннан астам шағын авиабазалар жабдықтап, оларда бірнеше ұшатын барлаушы аппараттар орналастырған. Соңғы айлары осындай ұшақтардың көмегімен жүзеге асыратын «көлеңкелі операциялар» саны көбейе түскен көрінеді. АҚШ-тың Африкадағы шешуші «көлеңкелі» базасының Буркина-Фасо астанасы – Уагадугу әуежайына жақын жерде орналасқаны да белгілі болып отыр.
17 жылдан соң қолға түсті
Жапон полициясы осыдан 17 жыл бұрын Токио метросында у шашқан «Аум Синрике» діни сектасының ісіне қатысты соңғы күдіктіні тұтқындады.
Қамауға алынған Кацуя Такахаси газ шабуылына тікелей қатысып, ұйымға ұнамайды деп саналған бірнеше адамды өлтірген көрінеді. Такахасидің экстремистік сектаға ол құрылған күнінен бастап мүше болғаны, сонымен бірге, күзет және барлау бөлімінде қызмет атқарғаны белгілі болып отыр. Тергеушілердің болжамы бойынша қылмыскердің 1995 жылы Токио метросында орын алған террорлық актіні ұйымдастыруға тікелей қатысы бар.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.