Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:41
Президенттер «Түйісу нүктесін» тапты
АҚШ пен Ресей президенттері Барак Обама мен Владимир Путин «Үлкенжиырмалықтың» Мексикада өткен саммиті аясында жүздескен болатын.Екеуара келіссөзден кейін В.Путин журналистерге өздерінің халықаралықпроблемалар туралы әңгімелескенін және «түйісу нүктесін» тапқандарынмәлімдеді.
Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:41
Президенттер «Түйісу нүктесін» тапты
АҚШ пен Ресей президенттері Барак Обама мен Владимир Путин «Үлкенжиырмалықтың» Мексикада өткен саммиті аясында жүздескен болатын.Екеуара келіссөзден кейін В.Путин журналистерге өздерінің халықаралықпроблемалар туралы әңгімелескенін және «түйісу нүктесін» тапқандарынмәлімдеді.
Келіссөз барысында екі ел басшысы Сириядағы ахуалды да талқылаған. Президенттердің кездесу қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен мәлімдемелерінде Сирия халқына әрі қарайғы даму жолдарын өздері таңдауларына мүмкіндік берілуі қажеттігі атап көрсетіліпті. Сондай-ақ, олар жанжалдасушы тараптарды шұғыл түрде зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырған.
Күрд жасақтары шабуыл жасады
Түркияның оңтүстік-шығысындағы шекара заставасына Ирак жағынанКүрд жұмысшы партиясының (КЖП) жасақтары шабуыл жасады. Аталғанпартия лаңкестік ұйым қатарына жатқызылған. КЖП 1984 жылдан беріқарай Түркияның күрдтер жиі қоныстанған таулы шығыс ауданынанавтономия талап етіп келеді.
Шабуыл салдарынан 8 түрік шекарашысы қаза тапса, 10 КЖП жасағы оққа ұшқан. Жалпы, екі арадағы ұзақ жылдарға созылған қақтығыстар салдарынан 40 мыңдай адам көз жұмса, олардың көпшілігі бейбіт тұрғындар болып табылады. Ал екі жақты жанжалдар жақын арада тоқталады дегенге сену қиын. Өйткені, ешбір ел өз аумағынан өзгелердің талабына орай автономия бере қоймайтыны түсінікті.
Ядролық арсеналды қысқартуға шақырды
АҚШ сенатының қарулы күштер жөніндегі комитетінің төрағасы демократКарл Левин Барак Обама әкімшілігін елдің ядролық арсеналына одан әрікең көлемде қысқарту жүргізуге шақырды. Сенатордың сөзіне қарағанда,әкімшілік өзінің оқтұмсықтарын ЯҚҚ-3 шартында қарастырылғандеңгейден де азайтқаны жөн.
Ядролық қару-жарақты қысқарту (ЯҚҚ) туралы соңғы Ресей-АҚШ шартында ядролық арсеналды ядролық соғыс қатерінің төмендеуіне және әскери бюджеттің қысқаруына байланысты соған сәйкестендіру уағдаласылған болатын. Ал аталған ЯҚҚ-3 шарты 2011 жылдың ақпанында күшіне енген. Шарт бойынша тараптар 6 жыл ішінде ядролық оқтұмсықтарын 1550-ге дейін қысқартулары тиіс.
Қысқа қайырып айтқанда:
* Румыния премьер-министрі Виктор Понта плагиаттыққа қатысты күдіккеалынып отыр. «Nature» журналына сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігініңхабарлауынша, В.Понта 2003 жылы докторлық диссертация қорғаубарысында жарты мәтінді көшіріп алған.
* Украина экологтары Сочиде олимпиада нысандары құрылысын құмменқамтамасыз етіп келе жатқан «Суеста» жекеменшік компаниясынтүбектің жағажайлары мен қорық аймақтарын жою үстінде депайыптады. Қысқы олимпиада Сочиде 2014 жылы өтуі тиіс.
* Түркіменстан шенеуніктерін таситын ведомстволық автокөліктержүргізушілері жол қозғалысы ережелері және көлік жүргізу бойыншақайтадан емтихан тапсыруға міндеттелді. Бұл үдерістің барлықдеңгейдегі басшылар жүргізушілеріне қатысы бар. Мұның нақты себебітуралы ештеңе айтылмайды.
Жарып жіберді
Йеменнің оңтүстік әскери округінің қолбасшысы генерал-майор Салем Али Катанға қастандық жасалды. Ол жанкешті жасаған жарылыс салдарынан көз жұмды. Генерал-майор контртеррорлық операциялардың да қолбасшысы болатын. Жарылыстан тағы 12 адам жарақат алған.
Шабуылға қатысты әзірше ешкім мойнына жауапкершілік алмаған. Алайда жергілікті және шетелдік БАҚ-тар басты күдікті ретінде йемендік исламистерді атап отыр. Соңғы ай көлемінде Катан елдің оңтүстігінде кең ауқымды контртеррорлық операцияларға қолбасшылық жасапты. Оның барысында жүздеген бүлікшілер жер жастанса керек.
Парламент жұмысын бір айға тоқтатты
Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Сабах ел парламентінің жұмысын бір ай мерзімге тоқтатқан. Ол мұндай шешімді парламентке ішкі істер министрі, үкіметтегі және билеуші әулеттегі аса ықпалды адамдардың бірі Ахмад әл-Хамуд әл-Сабахтың келуі қарсаңында қабылдады.
Осы ақпаратты таратқан «Рейтер» агенттігінің пікірінше, әмір бұл шешімді елдегі саяси дағдарыстың алдын алу үшін қабылдап отыр. Үстіміздегі жылдың ақпанында өткізілген Кувейттегі парламенттік сайлаудағы исламистердің жеңісінен кейін қаржы және әлеуметтік саясат пен еңбек министрлері орынтақтарынан айырылған болатын. Жақын арада депутаттар мұнай және қорғаныс министрлеріне сұрақ қоймақ ниетте.
Кезекті «Мейрам күнін» белгіледі
Беларусь парламенті төменгі палатасына сайлау үстіміздегі жылдың 23 қыркүйегінде өтеді. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко жария еткен. Сөйтіп, республика кеңесі қыркүйек айының соңына дейін жасақталуы тиіс. Бұл жәйттер сайлауға дайындық мәселелері жөнінде өткен кеңесте айтылған.
Біз сайлауларды беларус халқы үшін мереке ретінде өткізуді үйреніп алдық. Келіңдер, бұл мерекені тағы бір мәрте жасайық. Бұл күн адамдар үшін мейрам болуы тиіс, деп мәлімдепті аталған кеңесте сөйлеген сөзінде А.Лукашенко. Президент сондай-ақ сайлау науқаны кезінде саяси арандатушылықтың жолдарын кесуді талап еткен. Оның сөзіне қарағанда, беларустар сырттың ыңғайына көнбеуі керек.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.