Амал мерекесінің маңызы мен орны маңғыстаулықтар үшін айрықша. Асыға күтіп, арқайын қыдырыстап, сағына қауышып, емен-жарқын амандасып, сақтағанын дастарқанға төгетін ақжарылқап көңіл мен аппақ тілектердің мейрамы, бір жағы қыс құрығы ажырап, жер аяғы босап, мал төлдейтін табиғаттың мерекесі.
Осынша ақтарылған ақ тілектердің аясында бір-бірімен қол алысып, құшақ айқастыра амандасатын ағайын бұл күнді «көрісу күні» деп ерекше ұлықтайды. Ел тағдыры талқыға түскен қиын кезеңдердің өзінде ұмытылмай, яғни ағайындардың көріскен қолы мен айқасқан құшағы бір-бірінен ажырамаған күйі бүгінге келіп жеткен Амал мерекесін маңғыстаулықтар жыл сайын жаңаша мерекелеуді, оның бай мазмұны мен мағынасын халықтың рухани қажетіне татитын тұрғыда тойлауды қалыптастыруға ұмтылып келеді. Өйткені расында Амал мерекесі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларымен үндес, төркіндес және сонда айтылған міндеттерді жүзеге асыру жолында жасалуы тиіс жұмыстардың ауқымды көрінісі.
Маңғыстауда Амал мерекесі Отпан таудағы Адай ата кесенесі басында 2008 жылдан бері тұрақты сипатта өткізіліп келеді. Бұл рулық деңгейдегі немесе белгілі бір руды насихаттау мақсатындағы шара емес, ұлтты ұйыстыру, қарға тамырлы қазақтың баласын бір тудың, бір ұранның астына біріктіріп, бірлік отын бір жеңнен қол шығара тұтату мақсатын көздейді. Ұрпақ санасына «біз – қазақпыз!» деген рухты сезімді берік сіңіріп, оларды ұлтымыздың салт-дәстүрін, тарихын білуіне, рухани құндылықтарын қастерлеуіне, сондай-ақ Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің елдің, жердің иесі – қазақтың ұлттық құндылықтарын ұғынуы мен құрметтеуіне ықпал ететін шара.
Ал Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасы екі жылдан бері Амал мерекесін «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында атап өтуді жүзеге асырып келеді. Арнайы бюджеттен қаржы қарастырылып, іс-шаралар жоспары мен бағдарламасы дайындалады. Биыл «Амал-2019» мәдени көпшілік шарасын өткізуде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған ел мен жерге қатысты бағыттар көрініс тапты. Сондай-ақ, әу баста Адай атаның екі баласынан тараған сегіз немересі жыл сайын кезектесіп Көрісу күнін жоғары деңгейде өткізуді ұйымдастыруға міндеттелген болса, жыл өткен сайын шараға бүкіл қазақ бас біріктіріп, барлық ру ұрпақтары атсалысып келеді. Биыл да Адайдағы Ақпан руы бастамашы болған шара Ысық, Беріш, Есентемір, Алаша, Табын, Қызылқұрт, Қожа ауылдарының, Адайдың сегіз арысының азаматтарының қолдауымен біріккен түрде өткізілді. Оның үстіне республикамыздың басқа аймақтарынан арнайы қонақтар келіп, Амал тойының географиялық ауқымы да ұлғая түсті. Тіпті, биыл еліміздің өзге өңірлерінде алғаш рет Амал мерекесін тойлаудың басталғандығын да Отпан тауда өтіп жүрген шараның халықтық сипат алуы, халықтық дәстүріміздің етегін кеңге жаюы деп қуана қабылдадық.
Амал мерекесі биыл Маңғыстауда 12 наурыз күні «Рухани жаңғыру. Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұралары» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен, сондай-ақ, 13 наурыз күні «Ұлы дала көші» атты театрландырылған мерекелік шарасымен басталды. Еуразияның Ұлы даласында үш мың жыл бойы көшіп-қонып күн кешкен көшпелілер ерекше өмір салтына, дәстүр-танымына, тұрмыс-тіршілігіне орай төлтума өнер мен мәдениет қалыптастырған. Олардың көне тарихы бірде аттың жалында, түйенің қомында жойқын қақтығыстар барысында қалыптасса, енді бірде «қой үстіне бозторғай ұялаған» мамыражай тірлік жағдайында өмірге келген. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығының қалыптасуы мен дамуында қазақтың ұлы даласының үлесі ерен. Ата-бабаларымыз ат үстінде жүріп ұланғайыр жерімізді жаудан қорғап қана қоймай, жылқыны күнкөріс көзіне де айналдырып, оны көлік те, тамақ та, сусын да қыла білген, спорттық ойындарға да орнықты жарата білді. Сондықтан, жылқы тарихы, оның мәдениеті туралы насихаттау, көшпелі өмірдің сән-салтанатын бүгінгі ұрпақтың жадында жаңғырту мақсатында Ақтаудан шыққан 300-ге тарта аттылы жігіт Отпан тауға атпен жетіп, дала көшін бейнеледі. Алдымен олар атқа қатысты теңге ілу, аударыспақ сынды ұлттық ойындарды ел назарына ұсынды.
50-ден астам киіз және темір үйлер тігіліп, 200-ден астам өнерпаз өнер көрсеткен, ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтіп, аламан бәйге ұйымдастырылып, ән мен жыры шалқыған Отпан тауда Амал күніне қараған түні Бірлік оты жағылды. Елдің амандығы, жердің тыныштығы үшін тілек тілеп, дұға жасалды. Ақсақалдар бата беріп, жастар тікесінен тік тұрып қызмет етті.
Амал мерекесіне Ақмешіт кесенесінің, Сарайшық кесенесінің, Өзбекстан, Ишанкала мемориалдық кешенінің (Бекет ата кесенесінің) өкілі Камилжан Худайбергенов Өзбекстан, Хорезм облысы, Қазақ Ұлттық мәдениет орталағының өкілдері Мырза Худайбергенов, Пулатбек Изюмов, Бахтияр Атаниязов, Ноғай елінің жыршылары Ислам Сатыров, Арсланбек Султанбеков, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәуле Жанпейісова, сонымен қатар Қызылорда, Қостанай, Петропавл қалаларынан қонақтар келді. Маңғыстаулық 20 жыршы қатысқан «Армысың, Амал!» атты жыр кеші өткізілді. Жалпы қатысушылар саны 5000 адамды құрайтын бұл шарада қазақ даласының өнері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысымызды бейнелейтін қойылымдар қойылып, ән-күйден, жыр-термеден шашу шашылып, суретшілердің пленэрлік жұмыстары және қолөнер көрмелер жұртшылыққа таныстырылды. Сайыстар бойынша жүлдегерлерге Ақпан ата ұрпақтары атынан бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар берілді.
Қазақтың бірлігін, елдің дамуын мақсат етіп, сондай-ақ жаймашуақ көктемнің келуін қуана қарсы алған Көрісу-Амал мерекесін келері жылы ұйымдастыруға ұйытқы болуды Балықшы ата ұрпақтары қабылдап алды.
Ал Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасы екі жылдан бері Амал мерекесін «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында атап өтуді жүзеге асырып келеді. Арнайы бюджеттен қаржы қарастырылып, іс-шаралар жоспары мен бағдарламасы дайындалады. Биыл «Амал-2019» мәдени көпшілік шарасын өткізуде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған ел мен жерге қатысты бағыттар көрініс тапты. Сондай-ақ әу баста Адай атаның екі баласынан тараған сегіз немересі жыл сайын кезектесіп Көрісу күнін жоғары деңгейде өткізуді ұйымдастыруға міндеттелген болса, жыл өткен сайын шараға бүкіл қазақ бас біріктіріп, барлық ру ұрпақтары атсалысып келеді. Биыл да Адайдағы Ақпан руы бастамашы болған шара Ысық, Беріш, Есентемір, Алаша, Табын, Қызылқұрт, Қожа ауылдарының, Адайдың сегіз арысының азаматтарының қолдауымен біріккен түрде өткізілді. Оның үстіне республикамыздың басқа аймақтарынан арнайы қонақтар келіп, Амал тойының географиялық ауқымы да ұлғая түсті. Тіпті биыл еліміздің өзге өңірлерінде алғаш рет Амал мерекесін тойлаудың басталғандығын да Отпан тауда өтіп жүрген шараның халықтық сипат алуы, халықтық дәстүріміздің етегін кеңге жаюы деп қуана қабылдадық.
Амал мерекесі биыл Маңғыстауда 12 наурыз күні «Рухани жаңғыру. Арал-Каспий өңірінің тарихи-мәдени мұралары» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен және 13 наурыз күні «Ұлы дала көші» атты театрландырылған мерекелік шарамен басталды. Еуразияның Ұлы даласында үш мың жыл бойы көшіп-қонып күн кешкен көшпелілер ерекше өмір салтына, дәстүр-танымына, тұрмыс-тіршілігіне орай төлтума өнер мен мәдениет қалыптастырған. Олардың көне тарихы бірде аттың жалында, түйенің қомында жойқын қақтығыстар барысында қалыптасса, енді бірде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай тірлік жағдайында өмірге келген. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығының қалыптасуы мен дамуында қазақтың ұлы даласының үлесі ерен. Ата-бабаларымыз ат үстінде жүріп ұлан-ғайыр жерімізді жаудан қорғап қана қоймай, жылқыны күнкөріс көзіне де айналдырып, оны көлік те, тамақ та, сусын да қыла білген, спорттық ойындарға да орнықты жарата білді. Сондықтан жылқы тарихы, оның мәдениеті туралы насихаттау, көшпелі өмірдің сән-салтанатын бүгінгі ұрпақтың жадында жаңғырту мақсатында Ақтаудан шыққан 300-ге тарта аттылы жігіт Отпан тауға атпен жетіп, дала көшін бейнеледі. Алдымен олар атқа қатысты теңге ілу, аударыспақ сынды ұлттық ойындарды ел назарына ұсынды.
50-ден астам киіз және темір үйлер тігіліп, 200-ден астам өнерпаз өнер көрсеткен, ұлттық спорттық ойындардан жарыстар өтіп, аламан бәйге ұйымдастырылып, ән мен жыры шалқыған Отпан тауда Амал күніне қараған түні Бірлік оты жағылды. Елдің амандығы, жердің тыныштығы үшін тілек тілеп, дұға жасалды. Ақсақалдар бата беріп, жастар тікесінен тік тұрып қызмет етті.
Амал мерекесіне Ақмешіт кесенесінің, Сарайшық кесенесінің, Өзбекстандағы Ишанқала мемориалдық кешенінің (Бекет ата кесенесінің) өкілі Камилжан Худайбергенов, Өзбекстанның, Хорезм облысы Қазақ ұлттық мәдениет орталығының өкілдері Мырза Худайбергенов, Пулатбек Изюмов, Бахтияр Атаниязов, Ноғай елінің жыршылары Ислам Сатыров, Арсланбек Султанбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәуле Жанпейісова, сонымен қатар Қызылорда, Қостанай, Петропавл қалаларынан қонақтар келді. Маңғыстаулық 20 жыршы қатысқан «Армысың, Амал!» атты жыр кеші өткізілді. Жалпы қатысушылар саны 5000 адамды құрайтын бұл шарада қазақ даласының өнері, салт-дәстүрі, ұлттық болмысымызды бейнелейтін қойылымдар қойылып, ән-күйден, жыр-термеден шашу шашылып, суретшілердің пленэрлік жұмыстары және қолөнер көрмелері жұртшылыққа таныстырылды. Сайыстар бойынша жүлдегерлерге Ақпан ата ұрпақтары атынан бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар берілді.
Қазақтың бірлігін, елдің дамуын мақсат етіп, сондай-ақ жаймашуақ көктемнің келуін қуана қарсы алған Көрісу-Амал мерекесін келер жылы ұйымдастыруға ұйытқы болуды Балықшы ата ұрпақтары қабылдап алды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Маңғыстау облысы