• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2012

Шарайна

237 рет
көрсетілді

Шарайна

Сәрсенбі, 11 шілде 2012 7:23

Айып нақты ма, әлде…

Ливандағы «Хезболла» исламдық ұйымы АҚШ пен Израильге жақтасып,тыңшылық жасады деген күдікпен 3 азаматты тұтқынға алды.Күдіктілер Мохаммед әл-Хусейни, Жиһад Жалул, Мохаммед әл-Сабаа2012 жылдың маусым айында Бейрут қаласының оңтүстік бөлігіндеұсталған болатын.

 

Сәрсенбі, 11 шілде 2012 7:23

Айып нақты ма, әлде…

Ливандағы «Хезболла» исламдық ұйымы АҚШ пен Израильге жақтасып,тыңшылық жасады деген күдікпен 3 азаматты тұтқынға алды.Күдіктілер Мохаммед әл-Хусейни, Жиһад Жалул, Мохаммед әл-Сабаа2012 жылдың маусым айында Бейрут қаласының оңтүстік бөлігіндеұсталған болатын.

«Әл-Арабияның» мәліметінше, олар «Хезболланың» белсенді мүшелері болған және осы топтың жауынгерлері туралы ақпараттармен АҚШ-тың Орталық барлау басқармасын, сондай-ақ, израильдік «Моссад» барлау тобын қамтамасыз етіп отырған. Алайда, «Ан-Нахар» басылымы ұсталғандардың «Хезболланың» құрамына кірмегенін алға тартуда.

Аста-төк тіршілікке шектеу

Қытай үкіметі мемлекеттік мекемелерге бюджет қаржыларын бағалызаттар мен тым қымбат тұратын шетелдік сапарларға билеттерсатып алуға және үлкен қабылдаулар жасауға шектеу қойып, тыйымсалмақ. Бұл туралы Bloomberg агенттігі мәлімдеді.

Арнайы мәліметтерге сүйенсек, Қытай шенеуніктері 2004 жылы 408,5 млрд. юаньға жуық қаржыны (шамамен 64 млрд. доллар) көлік қызмет түрлеріне, 200 млрд. юаньды мемлекет есебінен тамақтануға және 300 млрд. юаньды шетелдік іс-сапарларға жұмсаған көрінеді. Бірақ, бүгінде кейінгі жылдарға сараптама жасайтын ақпарат әлі де жарияланбай отыр. Егер, соңғы жылдары бюджет шығындарының бірнеше есе өскенін ескерсек, соңғы жылдары елдегі қаржылық шығындардың анағұрлым өскенін бағамдауға болады.

Өрт сөндірушілер жұмыссыз қала ма?

Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар минис­трлігі ведомствоғақарайтын Федералдық өртке қарсы күрес қызметінің құрамын 40 мыңазаматқа дейін қыс­қарту жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы «РИА Новости» агенттігі мәлімдеді.

Агенттіктің хабарлауынша, 2013 жылы қызметкерлер санын 20 пайызға дейін қысқарту көзделіп отырған көрінеді. Алайда, ақпарат көзі Федералдық өртке қарсы күрес қызметінің құрамын қысқарту бастамасын кім көтергені жайлы нақты ақпарат бермеген. «РИА Новостидің» хабарлауынша, өрт сөндірушілер санын қысқарту Төтенше жағдайлар министрлігін қайта реформалау үдерісі аясында жүргізілмек.

Биліктен кету-кетпеуі белгісіз

Румыния президенті Траян Бэсеску елдегі жоғары билік тізгінін парламент спикері Крин Антонескуге беру туралы ұйғарымға келді. Бэсеску мұндай қадамға Конституциялық сот парламент шеші­мін қабылдағаннан кейін барып отыр. Парламент шешімінде мемлекет басшысына импичмент жарияланған болатын.

Румынияда 29 шілдеде референдум өткізіліп, онда парла­менттің импичмент жариялау туралы шешімін қабылдау я қабылдамау мәселесі түбегейлі шешілетін болады. Ал егер, Бэсеску биліктен өз еркімен кету туралы шешімге келетін болса, елде қандай жағдай орын алатыны белгісіз. 6 шілде күні румыниялық парламентшілер қазіргі президентті биліктен кетіру туралы мәселе көтерген болатын.

Қылмыстың себебі анықталмады

Франциядағы Витри-сюр-Сен қаласындағы балабақшаға баса-көктеп кіріп, ондағы азаматтар мен тәрбиелену­шілерді тұтқынға алған қылмыскер құрықталды.

Бұдан бұрын ақпарат көздерінде қылмыскер соңғы тұтқынды – балабақша тәрбиеленушісінің жақынын бос­атты деген мәлімет таралған.

«Agence France-Presse»-тің келтірген деректері бойынша, бұл жағдай полиция өкілдерімен болған келіссөздерден кейін жүзеге асқан. Арнайы мәліметтер бойынша, олардың ешқай­сысы зардап шекпеген. 30 жастағы қылмыскер бұрын әскери азамат болған. Оны мұндай іс-әрекетке қандай жағдай итермелегені және қылмысқа не үшін барғаны жайлы әлі нақты ақпарат таратылмай отыр.

Бір айыптан бір айып

Иерусалимнің өңірлік соты Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмертке тағылған өз өкілеттілігін асыра пайдаланды және сайлау науқаны кезінде пара алды деген айыптан босату туралы шешім қабылдады. Алайда, Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша, сот Э. Ольмертті оны басқа да қылмыстық іс-әрекетіне қатысты айыпты ретінде танып отыр.

Егер де оның жасаған қылмысы әшкереленетін болса, бұ­рынғы премьер-министр 5 жылдық мерзімге түрмеге отыр­ғы­зылатын болады. Соттың шешіміне сәйкес, Э. Ольмерт 2003-2005 жылдар аралығында Өнеркәсіп, сауда және еңбек министрі лауазымын атқарып тұрған кезінде мемлекеттік инвестициялық қорға қысым көрсеткен, сол арқылы өзінің таныс кәсіпкерлеріне субсидиялар мен жеңілдіктер алып беру қадамдарына барған.

Қысқа қайырып айтқанда:

«Фукусима-1» АЭС-індегі алапат апатқа, бұған дейін мәлім­делгендей, табиғи катаклизмдер емес, адами фактор, яғни сала мамандары мен Терсо компания-операторының өз ісіне деген жауап­сыздығы мен немқұрайлылығы себеп болған. Мұндай мәлі­мет Жапония парламентіндегі комиссия сарапшыларының жариялаған баяндамасында келтіріліп отыр.

Германия кезінде Кеңес Одағы шекарасында жүріп, соғыс­тың залал-зардабын тартқан 80 мыңға жуық еврейге 300 млн. доллар көлемінде өтемақы төлеу туралы «ұйғарымға» келген. The Jerusalem Post ақпарат құралының мәліметінше, бұған дейін бұл азамат­тардың басым көпшілігі Батыс және Орта­лық Еуропа елдеріндегі еврейлермен салыстырғанда мұндай өтемақыны алмаған көрінеді.

Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Конго Демокра­тиялық Рес­публикасы қарулы күштерінің бұрынғы командирі Томас Лубанга Дьилоны 14 жылға бас бостандығын айыру туралы шешім шығарды. Биылғы жылдың наурыз айында ол бірқатар әскери қылмыстарға қатысы бар деген айыппен қамауға алынған болатын. Лубанга бұған дейін «Конго патриоттарының одағын» басқарған.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.