Сенбі, 14 шілде 2012 6:50
Қара күйе жағу жалғасуда
Сирия оппозициясының өкілдеріне сілтеме жасаған «Рейтер»агенттігі Сирия президенті Башар Асадқа бағыныстағы күштердіңХама провинциясындағы Тремсех елді мекеніне шабуыл жасап, соныңсалдарынан 200-ден астам адам, көпшілігі бейбіт тұрғындар болыптабылады, қаза тапты деп хабарлады.
Сенбі, 14 шілде 2012 6:50
Қара күйе жағу жалғасуда
Сирия оппозициясының өкілдеріне сілтеме жасаған «Рейтер»агенттігі Сирия президенті Башар Асадқа бағыныстағы күштердіңХама провинциясындағы Тремсех елді мекеніне шабуыл жасап, соныңсалдарынан 200-ден астам адам, көпшілігі бейбіт тұрғындар болыптабылады, қаза тапты деп хабарлады.
Оппозициядағылардың деректері бойынша, бейсенбі күні Тремсехқа артиллериядан соққы беріліп, тікұшақ және танктермен атқыланған. Сирия басшылығы болса, өздерінің тарапына бағытталған барлық айыптауларды теріске шығарып отыр. Олардың айтуынша, армия тек лаңкестерге қарсы арнайы операциялар жасайды.
Иранға қарсы санкцияны кеңейтті
АҚШ-тың қаржы министрлігі мен мемлекеттік департаменті Иранныңбірқатар мемлекеттік компанияларына қарсы жаңа санкциялар енгізді.Жаңа санкциялардың 11 компания мен 4 жеке адамға қатысы бар делініп отыр.
Вашингтонның пікірінше, бұл компаниялар мен жеке адамдар Теһранның ядролық бағдарламасын жүзеге асырумен айналысады. Бұған қоса, АҚШ қаржы министрлігі Иранның өзіне салынған санкцияларын айналып өтуге көмектескен, сөйтіп, сауда-саттықпен айналысуына, оның ішінде мұнай сатуына жәрдемдескен әлемнің түрлі елдеріндегі 50 ұйымды анықтапты. «Қара тізімге» енген барлық компаниялар бұдан былай қарай АҚШ аумағына кіре алмайды.
Істі жалғастыру талап етілді
Пәкстанның жоғарғы соты елдің жаңа премьер-министрі Раджи Первез Ашрафтан ел президенті Асиф Али Зардариге қатысты істі қайта жалғастыруды талап етті. Зардари Швейцария банктері арқылы заңсыз жолмен алынған 12 миллион долларды жылыстатқан деген күдік бар.
Соттың талабына сәйкес, Ашраф Швейцария басшылығына 25 шілдеге дейін Зардариге қатысты істі жаңғырту өтінішімен шығуы тиіс. Жоғарғы соттың мәлімдемесінде, егер талап орындалмаған жағдайда қолданыстағы конституция мен заңнамаларда қарастырылғанындай, премьер-министрге қатысты шара қолданылатыны атап көрсетіледі.
Құрметті легион орденінің командоры
Қырғызстанның бұрынғы басшысы Роза Отунбаева Құрметті легион орденінің командоры атанды. Оған құрметті атақ Франция президентінің үстіміздегі жылдың 20 сәуіріндегі жарлығы бойынша берілді. Бұл кезде Франция президенті Николя Саркози болғаны белгілі.
Францияның Қырғызстандағы елшісінің атап өтуінше, награда Отунбаеваның өтпелі кезеңдегі қиындықтарға қарамастан, шешімді де батыл іс-қимыл танытқан еңбегін танудың нәтижесі болып табылады. Аталған орденді ХІХ ғасырдың басында Наполеон Бонапарт тағайындаған және ол Франциядағы аса жоғары айырма белгісі болып саналады. Отставкаға кетерінің алдында қырғыздар Отунбаеваны Нобель сыйлығына ұсынған еді.
Ескірген танктерді сату ниетінде
Чехияның қорғаныс министрлігі жақын уақыттарда көнерген 134 Т-72 танкін сатуды бастамақ. Жалпы, чех тарабы әскери техниканы шетелдіктерге өз бетінше сата алмайды. Жергілікті заңнамаға сәйкес, әскери ведомство артық танктерді тек жеке компанияларға сата алады.
Тиісінше, келісім-шарт жасалғаннан кейін екі жылдың ішінде компаниялар техниканы қайта сатуға немесе утилизацияға жіберуге құқылы. Сатып алынған танктерді жаңғыртып, армия сапына қайта қою жағдайлары да кездеседі. Ондай танктер бүгінде, әсіресе, Африка елдерінде баршылық көрінеді. Чехиядағы барлық танктер КСРО-дан қалған. КСРО ыдыраған кезде Чехословакияның иелігінде түрлі үлгідегі 3 мыңнан астам танк болыпты.
Бішкекте исламист жастар ұсталды
Бішкекте «Хизб-ут-Тахрир» исламист ұйымы жастар қанаты қызметінің жолы кесілген. Жалпы, Қырғызстанда бұл ұйым жұмысына тыйым салынған. Республика ішкі істер министрлігінің ақпараттарына қарағанда, ұйым елдегі беделді жоо-лардың студенттерін өздеріне үгіттеп тартумен айналысыпты.
Басымдық аса қабілетті жастарға беріліп келген. Ал ұйымның қанша мүшесі ұсталғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Алғашқы оқудан өткізілген жастардың аса белсенді мүшелері діни әдеби кітаптар таратумен айналысқан. Жаңадан алынғандарға лекциялар Бішкектің мешіттері мен саябақтарында аптасына екі мәрте оқылып келген. Ұйымның жекелеген мүшелері ай сайын 200-300 сом (4-6 доллар) көлемінде жарна төлеп отырған.
Қысқа қайырып айтқанда:
Оңтүстік Африка Республикасында орын алған пойыз апатынан 30-дан астам адам қаза тапты. Пойыз фермаға жұмысшылар апара жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жүк көлігінде барлығы 50 адам болса керек.
Жапонияның оңтүстік-батысында жауған нөсер жаңбырдың салдарынан опат болғандар саны 18 адамға жетті. Олардың 17-сі Кумамото префектурасында мерт болса, біреуі Оита префектурасында көз жұмған. 8 адамның тағдыры белгісіз.
Ресейдің Мемлекеттік Думасы екінші және үшінші оқылымдарда көлікті техникалық бақылаудан өткізетін талонды алып тастау жөнінде заң қабылдады. Мақұлданған заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Молдавия парламенті коммунистік режімді ресми түрде айыптап, коммунистік символикаларға тыйым салды. Сәйкес заң жобасы 12 шілдеде өткен парламент мәжілісінде қабылданды. Заң жобасын ұсынған – Молдавияның либералдық партиясы.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.