• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2019

Наурыз мерекесінде Астанада ауа-райы қандай болады

1073 рет
көрсетілді

Алдағы күндері қалада сынап бағанасы бес градус жылылықты көрсетеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, ертең 20 наурызда, Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -10…-12°С, күндіз 0…+2°С.

21 наурызда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -5…-7°С, күндіз +3…+5°С.

22 наурызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы -3…-5°С, күндіз +3…+5°С көрсетеді.