• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2019

Семейде әскери қызметкерлердің балалары спорттық сайыстарға қатысты

880 рет
көрсетілді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен гарнизондарда әскери қызметкерлердің балалары арасында үстел теннисі,  қазақ күресі және таэкван-додан жарыстар өткізілді.

- Жарыс өскелең ұрпақтың дене шынықтыру дайындығының деңгейін арттыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ балалар мен әскери қызметшілердің басқа да отбасы мүшелерін спортпен айналысуға тарту бойынша жұмысты жандандыру мақсатында ұйымдастырылды,-деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, аға лейтенант  Исламбек Қалдыбеков. 

Жарыста 250-ден астам 12-14 жастағы жас спортшы қазақ күресінен,  үстел теннисінен  спартакиаданың екінші кезеңіне өту үшін сайысқа түсті.  Айта кетсек, 2019 жылдың 26-29 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Армияның орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында ҚР ҚК Әскери ганизондарындағы әскери қызметкерлердің балалары арасында спартакиаданың екінші кезеңі өтеді.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

«Egemen Qazaqstan»

СЕМЕЙ