• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Наурыз, 2019

Әділет департаменті «Бақытты отбасы» қорына үлес қосты

900 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Әділет департаменті «Бақытты отбасы» қорына 900 мың теңге көлемінде қаражат аударды. Бұл қаражат департамент қызметкерлерінің бір күнгі жалақысы есебінен жинақталған. Департамент Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, таяуда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарды қолдау мақсатымен құрылған «Бақытты отбасы» қоры жайынан хабардар болған департамент қызметкерлері азаматтық қоғам дамуында елімізде көмекке мұқтаж жандардың болмауына қолдау білдіре отырып, осындай игі шараға үлес қосты.

Эльвира Серікқызы,

«Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ