Al Jazeera арнасының Грузиядағы тілшісі Робин Форестье-Уокер Н.Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуын «тосын жаңалық» деп есептейді.
Ол Елбасы Н.Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуын Орталық Азия көшбасшысы үшін ерекше қадам болғанын айтты.
«Әдетте ел басқаратын адамдар мүмкіндігінше соңғы минутқа дейін билікте қалуға тырысады. Менің ойымша, Назарбаев әрдайым биліктің дұрыс жолмен ауысуын қалады. Егер ол кенеттен қайғылы жағдайға ұшыраса, онда билікке талас басталуы мүмкін еді. Сондықтан Назарбаев әрдайым елде ондай жағдайдың болғанын қалаған жоқ», деді Р.Форестье-Уокер.