• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Наурыз, 2019

Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясаткер екенін айтты

989 рет
көрсетілді

Ресей Федерация кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік Өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер әрі парасатты басшы екенін айтады.

«Бұл жаңалық біз үшін күтпеген хабар болды. Назарбаев – өте кемеңгер әрі парасатты саясаткер. Егер ол осындай шешім қабылдаса, осылай жасау керек болғаны», деді В.Матвиенко.

Сондай-ақ ол Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке таныс екенін атап өтіп, Елбасының ЕАЭО-ты құру үшін көп жұмыс істегенін және Ресеймен арадағы ынтымақтастықты нығайтуда елеулі келіссөздер жүргізгеніне тоқталды. 

Өз сөзінде В.Матвиенко Парламент Сенатының төрағасы қызметін атқарған Қасым-Жомарт Тоқаевты зиялы, білімді адам екенін айта келе, өтпелі кезеңде Қазақстан сенімді қолда тұрғанын жеткізді. 

Бұдан әрі  Матвиенко Қазақстанның келесі Президенті кім болатынын халық  шешетінін атап өтті.