• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Наурыз, 2019

Н.Назарбаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

956 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Мемлекеттер басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін атқаруды 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтату туралы шешімі жөнінде әңгімелесті.

Президенттер алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.