• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Наурыз, 2019

Білге қағанның жолын басқан көшбасшы

1325 рет
көрсетілді

Анкара Хаджы Байрам Уәли университеті Түркият зерттеу орталығының директоры, профессор Хулия Касапоғлы Ченгел Facebook-тегі парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттігінен бас тартуына қатысты пікір білдірді. 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттігінен бас тартуы өкінішті жағдай, бірақ жастардың жолын ашуы үлкен қасиет. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының тағы бір рет іске асырылған кезеңі.

Елбасым, Сіз үлкен саясатыңыздың арқасында Түркі әлемінің қазіргі Білге Қағаны ретінде Түркі тарихына есіміңізді алтын әріппен жаздыңыз. Ұлттық рух сіз арқылы Қазақтың ғана емес, бүкіл Түркі жастарының бойына сіңген.

Түркі ұрпағы ретінде сізге тағзым етемін», деді Хулия Касапоғлы Ченгел.