• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Президент 20 Наурыз, 2019

Қаныбек Иманәлиев: Мемлекеттің келешегін ойлады

1051 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатуы ең алдымен мемлекетінің келешегіне, саяси тұрақтылыққа және бұдан әрі қарайғы Қазақстанның дамуына бағытталған қадам деп ойлай­мын. Н.Назарбаев келешекте Түр­кияның негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрік, Малайзияның бұ­рынғы һәм қазіргі премьер-министрі Махатхир Мохамад сияқ­ты тарихта мәртебелі орынға ие болуы ғажап емес. 

Қазақстан мен Қырғызстан ең жақын, бауырлас елдер. Сон­дық­тан Қазақстанда болып жат­қан оқиғалар бізді де бейжай қалдырмайды. Н.Назарбаев осынау қадамы арқылы Орта Азия мемлекеттерінде қалыптасқан дәстүрді бұзып, тыңнан түрен салды, өз ықтиярымен және толық лигитимді жолмен жаңа буынға билікті табыстады. 

Президенттің міндетін атқа­рушы ретінде жауапкершілік жүк­теп отырған Қасым-Жомарт То­қаев та Қырғызстан үшін белгілі қайраткер, қазақ-қырғыздың салт-санасын жақсы білетін мем­ле­кетшіл, кәнігі дипломат. Орта Азия саясаткерлерінің арасы­нан тұңғыш рет Еуропада жоға­ры лауазымды қызмет атқа­рып, БҰҰ-ның Еуропадағы құры­лым­дарының жетекшісі болған тұлға. Ол бірқатар халықаралық бастамалардың авторы.

Нұрсұлтан Назарбаев ел бас­қарып тұрған сәтте Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті. Мемлекет беделінің өсуіне Сырт­қы істер министрі, Премьер-Ми­нистр, Парламент Сенатының Төрағасы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың да зор еңбегі сіңді деп білеміз. Қазақстандағы транзиттік билік алмасу, алда болатын сайлау әділ әрі ашық бәсекелестік негізінде, демократиялы түрде өтеді деп сенеміз. 

Қаныбек ИМАНӘЛИЕВ, 

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты