• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2019

Өткен тәулікте қаладан 16,7 мың текше метрден астам қар шығарылды

917 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте қала көшелерін тазалауға 344 арнайы техника тартылды, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

19 наурызда қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 16 716 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» ЖШС қардың 5 200, өзге де мердігерлік ұйымдар 11 436, «Астана Көгалдандыру» АҚ 80 текше метрін шығарды.

16 қазан мен 19 наурыз аралығында қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 2 906 760 текше метрді құрайды. Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты барлық сұрақтарды, соның ішінде қар тазалау жұмыстары бойынша өтінімдерді 109 нөмірі арқылы қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.