Наурыз мейрамы қарсаңында Ұлттық музей елорда тұрғындары мен қала қонақтары үшін ерекше сыйлық әзірледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Ертең, 21 наурызда астаналықтар және қала қонақтары Ұлттық музейге тегін кіре алады. Ол үшін қазақтың ұлттық киімінің немесе әшекейінің элементтері болуы шарт.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарына сыйлық жасауды ұйғардық. Қазақтың ұлттық атрибуттары бар киім, әшекей, ою-өрнегі бар образдағы келушілерге кіру тегін», – делінген Қазақстанның Ұлттық музейінің хабарламасында.
Сонымен қатар, музей экспозицияларын тегін тамашалауды қалайтын адамдар әлеуметтік желідегі Ұлттық музейдің парақшасына тіркеліп, #Ұлттықмузей хештегін белгілеуі керек.