• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2019

Бүгін Элизабет Тұрсынбаева өнер көрсетеді

901 рет
көрсетілді

Санаулы сағаттардан кейін Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталады. Бүгін жанкүйерлер әйелдердің жекелеген сайысы мен жұптық бәсекенің қысқа бағдарламасын тамашалайды.

Барша қазақстандық жанкүйерлер Элизабет Тұрсынбаеваның мұз айдынына шығуын тағатсыздана күтуде. Жуырда ғана Дүниежүзілік Универсиадада күміс медальді иеленген қазақ қызы осы жарыста да табысты өнер көрсетеді деп үміттенуде. Сонымен қатар Күн шығыс елінде ресейлік Евгения Медведева мен Алина Сагитова, жапониялық Сатока Мияхара, америкалық Брэди Теннелл, канадалық Габриэль Дэйлман және тағы басқа жұлдыздар өнер көрсетеді.

Ертең жұптар арасында жүлделі орындар сарапқа салынса, ерлер қысқа бағдарламада бақ сынайды. 22 наурызда мұздағы бишілер жұбы алғашқы жаттығуын өткізсе, әйелдер сайысында жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталады. Жарыстың соңғы күні мұздағы бишілер мен ерлер бәсекесінде мықтылар анықталады.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»