• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Наурыз, 2019

Шорт-трек: Қостанайлықтардың қарқыны күшті

904 рет
көрсетілді

Шорт-тректен Астанада өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні Қостанай облысынан келген спортшылардың қарқыны күшті болды. 

Қостанайлықтар жеңіс тұғырының ең биік сатысына үш мәрте көтеріліп, бір күміс медальға иелік етті. Павлодардың өкілдері қос алтынды қоржынға салды. Батыс Қазақстан облысы спортшылары екі күміс пен бір қоланы иеленсе, Астананың өрендері бір күміс пен екі қоланы еншіледі.

Екінші күннің нәтижесі мынадай:      

500 метр, әйелдер:

1. Алена Волковицская (Қостанай)

2. Әсел Тайшманова (Қостанай)

3. Яна Хан (Астана)

500 метр, ерлер:

1. Еркебұлан Шамұханов (Павлодар)

2. Нұрберген Жұмағазиев (БҚО)

Эстафета, әйелдер:

1. Қостанай

2. Астана

3. БҚО

Эстафета, ерлер

1. Павлодар

2. БҚО

3. Астана

Аралас эстафета

1. Қостанай

2. Алматы

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»