Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыс барысында Президент өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев Конституцияның 48-бабына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент куәлігі мен омырауға тағатын белгісін, «Алтын қыран» орденін табыстады.